Осы Ақпаратты пайдалану ережесін (бұдан былай – «Ереже») Tamyr Platform акселераторы (бұдан былай – «Біз», Tamyr Platform немесе «Акселератор») ҚР заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚР Заңына сәйкес tamyrplatform.com сайты (бұдан былай – «Сайт») үшін әзірлеген. Ереже Сайтта жайғастырылған ақпаратты, сондай-ақ қолданушылар ұсынған материалдарды пайдалану тәртібін реттейді және тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
1.1 Осы Ереже Сайтта жайғастырылған ақпаратқа, сондай-ақ Акселератормен өзара іс-қимыл аясында қолданушылар ұсынған материалдарға қол жеткізу, оларды пайдалану, көшіру және тарату тәртібін белгілейді.
1.2. Ереже Сайтты қолданушылардың бәріне, соның ішінде келушілерге, акселерацияға қатысушыларға, серіктестерге және Сайтпен өзара әрекеттесетін өзге тұлғаларға жүреді.
1.3. Ақпарат деген – Сайтта жайғастырылған кез келген мәтін, графика, аудио, видео немесе өзге де материалдар, бағдарламалардың сипаттамалары, жаңалықтар, мақалалар, өтініш үлгілері және қолданушы контенті.
2.1. Жалпыға көрінетін ақпарат:
Акселератор, оның бағдарламалары, іс-шаралары және қызметтері туралы мәліметтер; ашық жарияланған жаңалықтар, мақалалар, блогтар және өзге де материалдар; дербес деректерді немесе құпия ақпаратты қамтымайтын, көпшілік пайдалана алатын контент.
2.2. Қол жеткізу шектелген ақпарат:
Тіркеу үлгілері, өтінімдер немесе басқа арналар арқылы берілген қолданушылардың дербес деректері (Құпиялық саясаты мен Дербес деректерді өңдеу қағидаларына қарай реттеледі); бизнес-жоспарлар, қаржы деректері немесе акселерация бағдарламасы аясында қолданушылар ұсынған өзге құжаттар сынды құпия материалдар.
2.3. Қолданушы контенті:
Акселератор осы Ережеге сәйкес пайдалана алатын Қолданушылар ұсынған ақпарат (мысалы, өтінімдер, презентациялар).
3.1. Жалпыға көрінетін ақпарат:
Қолданушылар сайттағы жалпыға көрінетін ақпаратты дереккөзін (tamyrplatform.com сілтемесі) көрсетіп, авторлық құқықты сақтаймын деген шартпен еркін көре алады және көшіріп, тарата алады; жалпыға көрінетін ақпаратты оның мағынасын бұрмалайтындай немесе үшінші тұлғаларды адастыратындай етіп өзгертуге тыйым салынады.
3.2. Қол жеткізу шектелген ақпарат:
Қол жеткізу шектелген ақпаратқа тек уәкілетті тұлғалар (мысалы, Акселератор қызметкерлері, серіктестер немесе инвесторлар) қолданушының келісімімен немесе заңнамаға сәйкес қол жеткізе алады; қолданушылар Акселератордың жазбаша келісімінсіз құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейміз деген міндеттеме алады.
3.3. Қолданушы контенті:
Материалдарды (мысалы, бизнес-жоспарлар, презентациялар) ұсына отырып, қолданушы оларды пайдалануға және өзгелерге беруге құқығы барын растайды; қолданушы Акселераторға өтінім өңдеу, бағдарлама жүргізу, серіктестерге немесе инвесторларға жоба ұсыну мақсатымен ұсынылған материалдарды пайдалануға айрықша лицензия береді; акселератор қолданушының келісімінсіз қолданушы контентін Акселератордың қызметіне қатысы жоқ мақсаттарға пайдаланбаймын деп міндет алады.
Қолданушыларға:
4.1 сайттағы ақпаратты ҚР заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда пайдалануға;
4.2 қол жеткізу шектелген ақпаратты рұқсатсыз көшіруге, таратуға немесе өзгертуге;
4.3 Акселератордың жазбаша келісімінсіз Сайттан деректерді жаппай жинауға автоматтандырылған құралдарды пайдалануға;
4.4 Сайтта жалған, қорлайтын немесе үшінші тұлғалардың құқығын бұзатын ақпаратты жайғастыруға тыйым салынады.
5.1. Сайтта жайғастырылған материалдардің бәрі (мәтін, сурет, логотип, дизайн) – Акселератордың немесе оларды пайдалануға құқық берген үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік нысаны.
5.2. Сайт материалдарын осы Ережеде көзделген шекте немесе құқық иеленушінің жазбаша келісімімен ғана пайдалануға жол беріледі.
5.3. Сайт арқылы берілген қолданушы контенті қолданушының меншігі болып қалады, алайда Акселератор оны осы Ереженің 4.3-тармағына сәйкес пайдалануға құқылыПравил.
6.1. Акселератордың жауапкершілігі:
Біз ақпаратты осы Ережеге, Құпиялық саясатына және заңнамаға сәйкес пайдалануға міндеттенеміз; Акселератор қолданушының әрекеттері немесе оның осы Ереже бұзылғаны салдарынан ақпаратты үшінші тұлғалар пайдаланғанына жауап бермейді.
6.2. Қолданушының жауапкершілігі:
Қолданушы ұсынылған ақпарат дұрыс әрі заңды екеніне жауап береді; Қолданушы осы Ережені бұзғаны салдарынан Акселератор немесе үшінші тұлғалар шеккен шығынды өтеуге міндетті болады.
6.3. Жауапкершілікті шектеу:
Заңнамада өзгеше көзделмесе, Акселератор жалпыға көрінетін ақпарат дәл, толық немесе нақты болғанына жауап бермейді; заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Біз Сайттағы ақпаратты пайдаланудан туған шығындарға жауап бермейміз.
7.1. Пайдаланушылар ақпаратты Сайттағы үлгілер (мысалы, бағдарламаларға қатысу өтінімдері, кері байланыс) арқылы ұсынады.
7.2. Қолданушы ақпарат ұсына отырып:
Ақпарат сенімді және нақты екенін, Қолданушы оны ұсынуға және беруге құқылы екенін, ақпарат үшінші тұлғалардың құқығын немесе заңнаманы бұзбайтынын растайды.
7.3. Ақпарат заңнама не осы Ереже талаптарына сәйкес келмесе, Акселератор оны өңдеуден бас тартуға құқылы.
Заңнама немесе біздің процестер өзгерген жағдайда, біз осы Ережені жаңартумыз мүмкін. Түзетулердің бәрі күшіне енген күні көрсетіліп, осы бетте жарияланады.
Дербес деректер өңделуіне қатысты сұрақтар бойынша мында хабарласыңыз: Email: info@tamyrplatform.com
Мекенжай: Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй, «Нұрлы-Тау» КМҚК, 5 Б блогы
Ережелер күшіне енген күні: 2025 жылғы 21 сәуір