Өтінімдерді қарастыру және грант беру шарттары мен реті

Tamyr Platform — жеке және заңды тұлғалардан грант алуға өтінім қабылдауға арналған цифрлық платформа. Платформаны EA Charity fund қоры белгілеген талаптар мен критерийлерге сай келетін барлық пайдаланушылар тегін пайдалана алады. Барлық өтінімдер Қордың ішкі рәсімдерінде белгіленген тәртіппен қаралады. Пайдаланушы Tamyr Platform платформасының функционалы арқылы грант алуға өтінім бере алады. Өтінім белгіленген талаптарға (мақсаты, сұратылатын қаржыландыру көлемі, іске асыру мерзімі және өзге де шарттар) сай келуі тиіс. Талаптардың толық тізімі «Сұрақ-жауап» бөлімінде көрсетілген.

Белгіленген критерийлерге сай келмейтін немесе дәйексіз, толық емес не жаңылыстыратын мәліметтерді қамтитын өтінімдер себептері түсіндірілместен қабылданбауы мүмкін.

Грант алуға өтінім беру грант алуға кепілдік бермейді.

Барлық өтінімдер ішкі сараптама кезеңінен өтеді. Қордың грант беру туралы шешімі түпкілікті болып табылады.

Қор грант беруден бас тарту себептерін жарияламауға құқылы.

Tamyr Platform гранттық бағдарламасы аяқталған күннен бастап бір күнтізбелік ай ішінде бағдарлама жеңімпазы құрылтай құжаттарын (егер оларды ұсыну талап етілсе) және сұратылған грант сомасына сәйкес келетін жоба сметасын ұсынбаса, Қор гранттық қолдау көрсетуден бас тартуға құқылы.