Осы Қағидалар дербес деректермен жұмыс істеу тәртібін айқындайды, оларды қорғауды және дербес дерек субъектілерінің құқығын қорғайды.
1.1 Ережелер Сайтты қолданушылардың бәріне, соның ішінде акселерацияға қатысушыларға, келушілерге және Сайтпен өзара әрекеттесетін тұлғаларға жүреді.
1.2 Дербес деректерді өңдеу операторы – Tamyr Platform болады және оларды өңдеуге жауап береді.
1.3 Дербес деректер ҚР заңнамасына, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға және өзге де нормативтік актілерге өңделеді.
Біз мынадай деректерді жинап, өңдейміз:
2.1 Адамдардың аты-жөні, email адресі, телефон нөмірі; жоба немесе компания туралы ақпарат, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржы көрсеткіштері, Сайттағы үлгілер арқылы жүктелетін презентациялар.
2.2 Кері байланыс үлгілері, email немесе өзге де арналар арқылы жолданған хабарламалар, сұрау салулар және өзге де ақпарат.
2.3 IP-адрес, браузер түрі, операция жүйесі, құрылғы туралы мәліметтер, кіру күні мен уақыты, қаралған беттер.
2.4 Қолданушының мінез-құлқына анализ жасау және Сайттың жұмысын жақсартуға керек cookie-файлдар мен соған ұқсас технологиялар арқылы жиналған ақпарат.
2.5 Тәлімгерлерден, инвесторлардан немесе акселерацияға қатысқан өзге тұлғалардан алынған (деректер субъектісі солай беруге келіссе) ақпарат (мысалы, пікірлер немесе ұсыныстар).
Дербес деректер мына мақсаттарда өңделеді:
3.1 Акселерацияға қатысу өтінімдерін өңдеу және оларды ілеспе жұмыстар жасау.
3.2 Тренингтер, идеялар питчингі және семинарлар сынды іс-шараларды ұйымдастыру.
3.3 Қолданушыларға Tamyr Platform жаңалықтары, қызметтері және іс-шаралары туралы хабар беру.
3.4 Сайттың функционалдығын және ұсынылатын қызметтердің сапасын талдап, жақсарту.
3.5 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелерді орындау.
3.6 Бағдарламалар мен маркетинг науқандардың тиімділігін бағалау үшін аналитика жүргізу.
Дербес деректерді өңдеуге негіз болатын әрекеттер:
4.1 Қолданушы үлгілерді толтырғанда, Сайтта тіркелгенде не оны қолданғанда білдірген келісімі.
4.2 Шартта көзделген міндеттемелерді орындау (мысалы, акселерация бағдарламасына қатысу).
4.3 Заңнама талаптарын сақтау.
Қолданушы:
5.1 Сайтта өтінім үлгісін толтырғанда деректері өңделетініне келісетінін растайды.
5.2 Қолданушы info@tamyrplatform.com адресіне сұрау жолдап, келісімін қайтарып алуға құқылы.
6.1 Үшінші тұлғаларға беру:
Деректер серіктестерге, инвесторларға не мердігерлерге (мысалы, бұлт сервистерге) тек Қолданушының келісімімен не заңнамада көзделген жағдайларда ғана берілуі мүмкін.
Үшінші тұлғалардың бәрі құпиялық пен заңнама талаптарын сақтауға міндетті.
6.2. Қазақстаннан тыс жерлерге беру:
Деректерді шетелге беру Қолданушы келіскен жағдайда және заңнамаға сәйкес іске асырылады.
6.3. Заң талабы бойынша беру:
Заңнамада көзделген жағдайларда деректер мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.
7.1. Дербес деректер өңдеу мақсаттарына жетуге қажет мерзім ішінде немесе заңнама талаптарына сәйкес сақталады.
7.2. Сақтау мерзімі өткеннен кейін, заңда өзгеше көзделмесе, деректер жойылады немесе анонимделеді.
7.3. Қолданушы info@tamyrplatform.com адресіне сұрау жолдап, деректерін жоюды сұрай алады.
Заңнамаға сәйкес, Қолданушы:
8.1 дербес деректері және олардың өңделуі туралы ақпарат алуға;
8.2 нақты емес немесе толық емес деректерді түзетуді талап етуге;
8.3 дербес деректеріңіз оларды жинағандағы мақсаттарға қажет болмай қалса, оларды жоюды сұрауға;
8.4 деректері өңделуін шектеуге не оған қарсылық білдіруге;
8.5 деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға;
8.6 деректерді құрылымдалған форматта алуға (тасымалдау құқығы) құқылы.
Бұл құқықтарды пайдалану үшін info@tamyrplatform.com адресіне сұрау жолдау керек.
Tamyr Platform дербес деректерді өңдеу кезінде заңнама талаптары сақталатынына жауап береді. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда Қолданушы Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органына жүгінуге құқылы.
Заңнама немесе біздің процестер өзгерген жағдайда, біз осы Құпиялық саясатын жаңартуымыз мүмкін. Түзетулердің бәрі күшіне енген күні көрсетіліп, осы бетте жарияланады.
Дербес деректер өңделуіне қатысты сұрақтар бойынша мында хабарласыңыз:
Email: info@tamyrplatform.com
Мекенжай: Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй, «Нұрлы-Тау» КМҚК, 5 Б блогы
Ережелер күшіне енген күні: 2025 жылғы 21 сәуір