Құпиялық саясаты

Tamyr Platform акселераторы командасы (бұдан былай – «Біз», Tamyr Platform немесе «Акселератор») сіздің сеніміңізді бағалайды және сіздің деректеріңіздің құпиялығын қорғауға ұмтылады. Осы Құпиялық саясаты (бұдан былай – «Саясат») біздің қандай деректерді жинап, қалай пайдаланатынымызды, сақтайтынымызды және қорғайтынымызды, сондай-ақ tamyrplatform.com сайтын (бұдан былай – «Сайт») қолданған кездегі сол деректеріңізге қатысты құқықтарыңызды сипаттайды. Ереже ҚР заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасының  «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес әзірленген.

Дербес деректер

Сіз Сайтымызды қолданғанда немесе бағдарламаларымызға қатысқанда біз мынадай деректер санаттарын жинауымыз мүмкін:

Жеке бас ақпаратыңыз

Тіркелгенде, үлгілерді толтырғанда немесе іс-шараларға қатысқанда көрсететін аты-жөніңіз, email, телефон нөміріңіз, лауазымыңыз, компанияңыздың атауы немесе басқа деректеріңіз.

Орналасқан орныңыз туралы ақпарат

Құрылғының түрі мен моделі, құрылғы баптаулары, тіл баптаулары, уақыт белдеуі, интернет қызмет провайдері, ұялы байланыс операторы.Сайтты қолданғаныңыз туралы деректер

Сайтпен өзара әрекеттескеніңіз туралы ақпарат, соның ішінде IP-адрес, браузер түрі, операция жүйесі, сіз кірген парақшалар және сайтта өткізген уақытыңыз туралы ақпарат.Акселератор бағдарламалары аясында берілген деректер

Жобаңыз туралы ақпарат, бизнес-жоспарлар, қаржы деректері немесе бағдарламаларымызға қатысу үшін жолдаған басқа да материалдар.

Транзакция мәліметтері

Tamyr платформасы кредит картасының нөмірлері туралы толық деректі жинамайды және сақтамайды, алайда сайтта жасалған транзакцияға қатысты деректерді, соның ішінде транзакция күні, уақыты, сомасы, қолданылған төлем тәсілі түрі, сондай-ақ кредит картасының нөмірі сынды Қолданушы өзі ұсынған деректерді жинайды.

Cookies және соған ұқсас технологиялар

Біз cookie файлдарын сайтты жақсарту, трафикке анализ жасау және контентті дараландыруға пайдаланамыз; сіз cookie параметрлерін өз браузеріңізде реттей аласыз.

Үшінші тараптар ұсынған деректер

Біз серіктестерден, тәлімгерлерден немесе акселерация бағдарламаларына қатысқан өзге тұлғалардан, сіз оларға сондай деректерді (мысалы, сіздің жобаңыз туралы ұсыныс не пікір) беруге рұқсат берсеңіз, ала аламыз.

Дербес деректерді өңдеу мақсаттары

Біз жиналған деректерді: акселерация бағдарламаларына қатысу өтінімдерін өңдеу, қызметтеріміз, іс-шараларымыз бен жаңалықтарымыз туралы ақпарат тарату, Сайттың функционалын жақсартып, ыңғайлы ете түсу, бағдарламаларымыз бен маркетинг науқандарымыздың тиімділігін талдау, сізге қолдау ұсыну, сұрауларыңызға жауап беру немесе әлдебір мәселенің егжей-тегжейін нақтылау үшін хабарласу, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау сынды мақсаттарға пайдаланамыз.

Дербес деректерді қорғау

Біз сіздің деректеріңізді біреудің рұқсатсыз қол жеткізуінен, жоғалып кетуден не зақымданудан қорғау үшін ұйымымыздың мүмкіндіктерін қолданамыз және деректерді жолдау кезінде шифрлау (SSL/TLS), дербес деректерге тек уәкілетті қызметкерлердің қол жеткізуіне мүмкіндік беру, қауіпсіздік жүйелері мен бағдарламалық жасақтаманы үнемі жаңартып отыру сынды техникалық шаралар жасаймыз.

Деректерді үшінші тұлғаларға өткізу

Біз мына жағдайларды қоспағанда, сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға сатпаймыз немесе өткізбейміз:

Сіздің келісіміңізбен

Айталық, акселерация бағдарламасы аясында деректерді серіктестерге немесе инвесторларға беру үшін.

Серіктестер мен мердігерлер

Біз құпиялық пен заң талаптарын сақтаймын деп міндеттеме алған үшінші тұлғаларды (бұлт сервистер не аналитика платформалары) жұмысқа қатыстыра аламыз.

Заңнама талаптары

Біз деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың сұрау салғанына қарай аша аламыз.

Қолданушы құқықтары

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес сіз: өзіңіздің дербес деректеріңізге қол жеткізуді сұрауға, дәл емес не толық емес деректерді түзетуді талап етуге, дербес деректеріңіз оларды жинағандағы мақсаттарға қажет болмай қалса, оларды жоюды сұрауға, деректеріңізді өңдеуге шектеу қоюға не қарсылық білдіруге, деректеріңізді құрылымдалған форматта алуға (деректерді тасымалдау құқығы), деректерді өңдеуге берген келісіміңізді кері қайтарып алуға (өңдеу келісімге сүйенсе) құқылысыз. Бұл құқықтарыңызды пайдалану үшін мына мекен-жай бойынша бізге хабарласуыңызға болады: info@tamyrplatform.com.

Дербес деректерді сақтау

Біз сіздің деректеріңізді осы ережеде көрсетілген мақсаттарға жетуге қажет кезең ішінде немесе заң талаптарына сәйкес ғана сақтаймыз. Осы мерзім өткеннен кейін деректер жойылады немесе анонимделеді.

Құпиялық саясатындағы өзгерістер

Заңнама немесе біздің процестер өзгерген жағдайда, біз осы Құпиялық саясатын жаңартуымыз мүмкін. Түзетулердің бәрі күшіне енген күні көрсетіліп, осы бетте жарияланады.

Байланыс деректері

Дербес деректер өңделуіне қатысты сұрақтар бойынша мында хабарласыңыз:
Email: info@tamyrplatform.com
Мекенжай: Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй, «Нұрлы-Тау» КМҚК, 5 Б блогы

Ережелер күшіне енген күні: 2025 жылғы 21 сәуір