Өтінімдерді қарастыру шарты мен реті

Tamyr Platform — жеке және заңды тұлғалардан грант алуға өтінім қабылдауға арналған цифрлық платформа. Платформаны Қор белгілеген талаптар мен критерийлерге сай келетін қолданушылардың бәрі ашық және тегін қолдана алады. Өтінімдердің бәрі Қордың ішкі рәсімдерінде көзделген ретпен қарастырылады. Қолданушы Tamyr Platform платформасының функционалы арқылы грант алуға өтінім бере алады. Өтінім белгіленген талаптарға (мақсаты, қаржыландыру көлемі, іске асыру мерзімі, т.б.) сай келуге тиіс. Талаптардың толық тізімі «Сұрақ-жауап» бөлімінде берілген.

Қор критерийлерге сай келмейтін не шындыққа жанаспайтын деректер жазылған өтінімдерді себебін түсіндірмей қайтарып жіберуге қақылы.

Грант алуға өтінім берілгені грант алуға кепілдік бермейді.

Өтінімдердің бәрі ішкі экспертиза сатысынан өтеді. Қордың грант беру-бермеу жөніндегі шешімі түбегейлі болады және шағымдар қабылданбайды.

Қор грант неге берілмегенінің себебін айтуға міндетті емес.