Әлеуметтік кәсіпкерлерді қаржыландыру мәселесі. Ақшаны қайдан іздеу керек

31 мая 2025 ~ 6 мин. оқылады
Жаңарған күні: 14 июля 2025
Человек в деловом костюме говорит по телефону посреди зеленого океана из денег и кружек кофе, иллюстрация
Көрнекілік: Tamyr Platform

Кейінгі жылдары әлеуметтік кәсіпкерлікке деген назар айтарлықтай артып келеді. Алайда қажеттіліктер мен мүмкіндіктер арасында елеулі алшақтық әлі де сақталып отыр: Шваб Қоры жанындағы Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жаһандық альянстың зерттеуіне сәйкес, мұндай жобалар өз әлеуетін іске асыру үшін 1,13 трлн $ қаражатқа зәру екен.

Rise Ahead Pledge сынды бастамалар – ірі компаниялардың әлеуметтік инновацияларға инвестиция құямыз деген міндеттемелері – жеке сектордың қолдауы да артып келе жатқанын көрсетеді. Алайда әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығу артып келе жатқанына қарамастан, Global Innovation Index 2024 венчур белсенділігі бәсеңдеп, зерттеу мен әзірлеу жұмысына құйылатын инвестиция азайып кеткенін тіркеп отыр. Бұл әсіресе тұрақсыз немесе нашар дамыған аймақтарда қаржы табуды қиындата түседі.

Кәсіпкерлердің алдынан түрлі тосқауылдар шығып жатыр. Қажет ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі жобаның бағытына, қай өңірде орналасқанына және бастамашылардың қолда бар құралдар туралы хабардарлығына қарайды. Ал басты мақсат – барынша көп табыс табу емес, орнықты әлеуметтік әсер болса, онда қаражатты қайдан іздеу керек? 

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қаржыландыру көздері

Гранттар мен қорлар

Гранттар – әлеуметтік жобаларға бастапқы қаржы құюдың ең кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл – қайтаруды талап етпейтін және грант берушінің кедейлікпен күрес, инклюзия, қоршаған ортаны қорғау, білім беру сынды бағыттардағы мақсаттарына сәйкес қызмет атқаратын ұйымдарға бөлінетін қаражат.

Қазақстанда мынадай коммерциялық емес қолдау қорлары жұмыс істеп тұр:

Сондай-ақ мынадай шетелдік қорларға грант алуға өтінім беруге болады:

Гранттардың бір артықшылығы – ақшаны қайтару міндет болмайтыны, жобаның әлеуметтік миссиясына қолдау көрсетілетіні, сондай-ақ бастапқы танымалдық пен кәсіби тәжірибе жинау мүмкіндігі. Дегенмен, грант мерзімі мен көлемі шектеулі, олар егжей-тегжей есеп беріп, ресми критерийлерге сәйкес болуды талап етеді әрі грант алу жолында бәсеке деңгейі жоғары болады.

Гранттар – жобаны бастап кетуге жақсы мүмкіндік, алайда олар ұзақмерзімді орнықтылық бере бермейді. Сондықтан грант қолдауы аяқталғаннан кейін де жұмыс істей беретін қаржы моделін құру жөнінде ойланған маңызды.

Краудфандинг

Краудфандинг – көп адамның шағын қайырым қаражаты есебінен жобаны іске асыруға қаржы жинау тәсілі. Мұндай әдіс айқын әлеуметтік миссиясы және аудиторияны қызықтыра алатын әсерлі тарихы бар жобаларға тиімді болмақ.

Танымал краудфандинг платформалары:

Халықаралық:

Ресей және ТМД платформалары:

Орталық Азия платформалары:

Қай платформаны таңдайтыныңыз жобаңыздың форматына және көзделген аудиториясына қарайды. Әлеуметтік кәсіпкерлікте, әсіресе Орталық Азияда, жергілікті платформалардан бастаған жөн – олар жергілікті контекст пен аудиторияны жақсырақ түсінеді. Жобаның ауқымын арттыруға және жаһандық қолданушыларды қызықтыруға мүмкіндік болса, халықаралық ресурстарға да жүгінуге болады.

Краудфандинг гипотезаларды тексеріп, сұранысты сынап көруге және жоба төңірегінде қауымдастық құруға таптырмас құрал. Тіпті мақсат 100% орындалмаса да, маңызды фидбәк алып, идея аудиторияны қаншалықты қызықтыратынын біле аласыз.

Инвесторлар және венчур филантропия

Өсемін деген әлеуметтік жобаларға импакт-инвесторлар маңызды қаржыландыру көзі бола алады. Олар – қаржылай қайтарым алуға ғана емес, сонымен қатар өлшеуге келетін әлеуметтік әсерге қол жеткізуге ұмтылатын жеке немесе институттық инвесторлар.

Импакт-инвесторлар классик венчур инвесторлар сияқты пайданы ғана көздемейді және қайырымдылық қорлары сияқты қайтарымсыз қаражат таратпайды. Олардың мақсаты – қаржы орнықтылығына жетуге және қоғамға оң әсер етуге сеп болу.

Импакт-инвестор табу жолдары:

Бір нәрсені ескеру керек: импакт-инвесторлар күшті миссиясы, ауқымын кеңейтуге болатын моделі және нәтижелерін бағалаудың ашық жүйесі бар жобаларды іздейді. Сондықтан инвестиция іздер алдында жобаңыз нақты қандай мәселелерді шешу жолында жұмыс істейтінін нақты тұжырымдап, сіздің қызметіңіз адамдардың өмірін қалай өзгертетінін көрсете білу керек.

Мемлекеттік субсидиялар мен байқаулар

Әлеуметтік жобаларға, әсіресе бастапқы кезеңде, мемлекеттік бағдарламалар, субсидиялар мен байқаулар маңызды қолдау көзі бола алады. Олар кейде жалпы – шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау сипатында болса, кейде арнайы мақсатқа – коммерциялық емес ұйымдарға, жастар бастамаларына немесе әлеуметтік саясат саласындағы жобаларға қаратылады.

Көп елде, оның ішінде Қазақстанда да, мемлекет әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жақсы қолдайды. Мысалы:

Әр өңірде өзінің грант байқаулары мен қолдау бағдарламалары бар. Көбіне олар Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, Жастар ресурстық орталықтары немесе жергілікті әкімдіктер жанындағы қорлар арқылы жүреді. Ескеретін жайт: мемлекет қаражаты көбіне нақты есеп беріп, мерзімнен ауытқымауды талап етеді.

Бизнеспен серіктес болу

Тағы бір маңызды әрі көбіне бағаланбай жататын қаржыландыру көзі – жеке бизнеспен серіктес болу. Ірі компаниялар үнемі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) бағдарламаларын іске асырып тұрады. Бұл бағдарламалар аясында бизнес әлеуметтік жобаларға, қайырымдылық бастамаларға, волонтерлік бағдарламаларға және экологиялық стартаптарға қолдау көрсетеді.

Көп компанияда КӘЖ – орнықты даму стратегиясының бөлігі. Бизнес клиенттерге, инвесторларға және мемлекетке өзінің әлеуметтік саладағы қызметін көрсетуге мүдделі. Күшті әрі өміршең әлеуметтік жобаны қолдау бизнестің брендін нығайтуға, қызметкерлердің бастамаға қатысуы арқылы олардың активизмін арттыруға және нарықта оң имидж қалыптастыруға сеп болады.

Бизнеспен түрлі формада серіктес болуға болады:

Идеал жағдайда серіктестік екі тарапқа да тиімді болуға тиіс: әлеуметтік жоба ресурстар мен қолдауға ие болса, бизнес аудиторияның сеніміне ие болып, орнықты дамуға үлес қоса алады.

Жобаның өз қызметінен түскен табыс

Ең орнықты қаржыландыру көзі – жобаның өз қызметінен табыс табуы. Әлеуметтік кәсіпорындар табыс таба алады, тек оның мақсаты таза пайда алу емес, жобаның орнықтылығын қамтамасыз ету болады.

Кейде жобаның негізгі қызметі монетизацияланады (мысалы, курстар не консультациялар сату), кейде қосалқы қызмет (кәдесыйлар, мерч өнімдері) табыс көзіне айналады. Ең бастысы – миссия мен нарық түйісетін нүктені: адамдар не нәрсеге ақы төлеуге дайын екенін табу, сол арқылы жобаны дамытуға мүмкіндік туады.

Жобаның өз табысы тәуелсіздік, икемділік және ұзақ мерзімді орнықтылық береді. Тіпті жоба грант алып не краудфандингтен ақша жинап басталса да, өзін-өзі қалай қаржыландыра алатынын алғашқы күннен-ақ ойлаған маңызды.

Қаржы іздеуге кірісерден бұрын мына нәрселерді анықтап алу керек: жобаңыз қандай мәселені шешеді, қай кезеңде тұр (идея, прототип, іске қосу, кеңейту), және сізге – іс бастауға, операциялық шығындарға, өсуге – қанша қаражат керек. Сондай-ақ қолда бар ресурстарыңызды (команда, байланыстар, машықтар) бағалап, донорлар мен инвесторлар алдында есеп беруге дайындығыңызды бағамдаңыз. Соған қарай грант пен инвестиция тарту не қарыз алу, не болмаса бәрінің үйлесіміне жүгіну сияқты форматты таңдауға болады.

Қаржы іздеп жүргенде шығуы мүмкін қиындықтар

Тіпті ең перспективалы деген әлеуметтік жобалар да бастапқы кезеңде бар мен жоғын түгел ескермесе, қиындық көруі мүмкін.

  1. Бір донорға тәуелді болып қалу
    Жоба қызметі түгелдей бір-ақ қаржы көзіне (әсіресе грантқа) сүйенсе, бұл әлеуметтік бизнесті осал етеді. Донор қолдауды азайтып не мүлде тоқтатып тастаса, бүкіл құрылым күйреу қалуы әбден мүмкін.
  2. Инвесторға бейімделемін деп миссияны әлсіретіп алу
    Жоба инвестиция аламын деп, өз мақсаты мен бағытын өзгертсе, өзі де байқамай, бастапқы миссия әлсіреп, әлеуметтік мәселені шешуді емес, коммерциялық табыс табуды көздеп кетуі мүмкін.
  3. Қаржы бермей қою қаупі
    Ресурстар – асқан бәсеке нысаны. Инвестор не донор сізге қаржы беруден бас тартуы мүмкін екеніне дайын болу керек, ондай жағдайда себептерін талдап, өтінімді жетілдіріп, әрдайым «B жоспарын» ұстап жүрген дұрыс.
  4. Есеп беру мен заңдық формалардан шығатын қиындықтар
    Түрлі қаржы көздері түрлі есеп формасын талап етеді – бұл командаға қосымша ауырлық болуы мүмкін. Кей елдерде әлеуметтік кәсіпкерліктің заңды мәртебесі жоқ, сондықтан жобалар коммерциялық емес ұйым, ЖК немесе ЖШС біреуі болуды таңдауға тиіс, ал бұлардың әрқайсының өз шектеулері бар.

Айқын табыс моделі, тұрақты қолдау және стратегиялық ойлау жүйесі болмаса, ең күшті идеяның өзі іске аспай қалуы мүмкін. Грант, краудфандинг, импакт-инвестор, мемлекеттік субсидия – бәрі де қолдануға болатын құралдар, тек олар жүйелі тәсілдің орнын баса алмайтынын ұғып жүру керек.

Орнықты қаржыландыру қолжетімді мүмкіндіктерді – мемлекеттік бағдарламалардан бастап жеке инвестицияға дейін – бәрін тиімді пайдалануды талап етеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік дамыған сайын, қаржыландыру көздерінің әралуандығы да артып жатыр. Мағыналы жобаларды қолдауға дайын адамдар да көбейіп келеді: краудфандинг платформаларындағы донаттар қалыпты практикаға айналса, инвесторлар да әлеуметтік әсерді пайдадан кем түспейтін құндылық деп қарастыра бастады.