Алматыда бесінші рет BATYR LAB шоукейсі өтті

1 желтоқсан, 2025 ~ 1 мин. оқылады
Музыканты
Дереккөз: Tamyr Platform

Алматыда BATYR LAB резиденциясының күзгі шоукейсі өтті. Іс-шараны EA Charity корпоративтік қорының қолдауымен Батырхан Шөкенов атындағы Қоғамдық қор ұйымдастырды. Бір сахнада BATYR LAB 2025 грантының иегері атанған он финалист өнер көрсетті.

Шоукейс музыкалық резиденцияның қорытынды кезеңі болды — онда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен келген жас орындаушылар бағдарлама аясында жасаған тректерін ұсынды. Биыл BATYR LAB қауымдастықта жұмыс істеу мен бірлескен шығармашылыққа баса мән берді. Он қатысушы бір шеберханада бас менторлар M’Dee, Константин Кохан және ORYNKHAN жетекшілігімен жұмыс істеді.

Музыка жасаумен қатар финалистер менеджмент, зияткерлік құқық, ілгерілету және әртістің визуалдық стилі сынды музыка бизнесінің негіздерін де меңгерді. Қатысушыларға Қазақстанның жетекші мамандары — Карина Somerset, Санжар Байтереков, Сания Сұлтанова, Шоқан Нұқышев, Ақмарал Мерген, Аня Кострюкова және qazaq indie командасы тәлімгер болып, білгенін ортаға салды.

Шоукейс финалына өткен қатысушылар: Лайло Рихсиева (Laylo), Асанәлі Амангелді (ASANALI), Ерлан Оңғаров (erlan.smp), Ажар Бейсембіна (0zhar), Бақыт Мұрзабекова (Baqyt), Дарья Прокопец (dariaoda), Әли Нұрқұспан (nurkuspan), Диас Сейітбеков (dias.), Әлия Медеубаева (oeleye) және Мағжан Мақсұтов (Magjan & the Qoltrayn).



Бағдарламада 4,75 миллион теңге көлемінде 10 грант беріліп, тегін оқытып-үйрету, тәлімгерлердің қолдауы және жеке релиз шығару мүмкіндігі қамтылды. Әр қатысушы BATYR LAB қолдауымен өз синглі немесе EP жинағын жазып шықты. Бұл релиздер 18 қазаннан бастап стриминг платформаларының бәрне шықпақ.

Былтыр BATYR LAB фестивалі Иван Дорнның менторлығымен өткен. Қор 2021 жылдан бері музыкалық резиденцияға қатысуға өтінім қабылдап келеді — биыл жоба бесінші рет өтті.