Ауадан жанармай алған. Америкалық стартап отын өндірісіне төңкеріс жасайтын құрылғысын көрсетті

31 мая 2025 ~ 1 мин. оқылады
Жаңарған күні: 14 июля 2025
Установка по производству топлива Aircela стоит на крыше здания
Фото: aircela.com

Нью Йорктен шыққан Aircela стартаперлері дүниежүзіндегі «ауадан» жанармай алатын тұңғыш машинасын көрсетті. Индустрияда төңкеріс жасай алатын, көлемі тоңазытқыштан аспайтын құрылғы қазба отынды емес, ауаны, суды және сарқылмайтын энергияны ғана пайдаланады. 

Aircela ауадан жанармай алу процесін Нью Йорктегі аудитория алдында таныстырды.

«Біз прототип құрастырған жоқпыз. Біз жұмыс істеп тұрған машина құрастырдық», – деді компанияның бас директоры Эрик Дальгрен.

Машинаға үш алтыбұрышты бак орнатылған, олар ауаны тұтып, бензин синтездеу сатыларына жауап береді. Құрылғының артқы бөлігінде жанармай құятын «пистолет» орнатылған.

Заправочный пистолет на установке по производству топлива Aircela
Фото: aircela.com

Технология күніне 10 кг CO₂ тұтып, 1 галлон (4,5 литр) бензин өндіре алады. Машинаның өзі 17 галлон (64 литр) жанармай сақтай алады. Алынған отынның құрамында күкірт, этанол не ауыр металдар жоқ.

Құрылғы көміртекті тура тұтатын блок немесе DAC (атмосферадан көмірқышқыл газын (CO2) шығарып алатын) құрылғы есепті жұмыс істейді. Қазір Еуропада оннан аса DAC қондырғысы жұмыс істеп тұр. Кей зерттеушілер мұхит суынан көмірқышқыл газын тұтып аулау мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Көп жағдайда CO2 тұтылып, сақталып тұрады, бірақ қайта өңделмейді, ал Aircela оны қайта өңдейді.

Компания машинаны 2025 жылғы күзде шығара бастауды жоспарлап отыр.