
EUROBAK CSR Awards 2025 марапаттау рәсімі Алматыда өтті. Іс-шараны Қазақстандағы Еуропалық Бизнес Ассоциациясы ұйымдастырды. «Экология» аталымында Smart Plastic Zone жобасы жеңімпаз атанды.
Бұл бастама компанияларға ішкі пратикаларға диагностика жасау, балама материалдарды енгізу, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу, сондай-ақ қызметкерлерді оқытып-үйрету арқылы пластик ізің азайтуға сеп болады.
Smart Plastic Zone бағдарламасы мемлекеттік және жеке ұйымдарды біріктіретін жергілікті ESG-құралдың үлгісіне айналды. Бизнес нысандары (қонақүйлер мен кеңселерден бастап мектептер мен кафелерге дейін) арнайы сауалнама мен верификация арқылы бағалаудан өтеді. 2025 жылғы наурызда іске қосылған сәттен бері жобаға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 50-ден астам ұйым қосылды.
Биыл сыйлыққа Ассоциацияға мүше компаниялардан 37 өтінім түсті. Байқау бірнеше аталым бойынша өтті: корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экология, кадрлар дамуы, IT және жаңғырту, маркетинг пен PR. Жеңімпаздарды тәуелсіз қазылар алқасы анықтады, ал олардың есімдері салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланды.