Кентаудағы «Дара Бала» логопедия орталығы Tamyr Platform қолдауымен грант жобасын аяқтады

18 ақпан, 2026 ~ 2 мин. оқылады
Дети
Дереккөз: Tamyr Platform

Tamyr Platform 2025 акселераторының жеңімпазы Гүлнар Ниязова Кентаудағы «Дара Бала» логопедия кабинетін қолдайтын грант жобасын аяқтады. Бастама тілінде мүкісі бар және сенсор ақаулары бар, соның ішінде тілінің дамуы кідіріп қалған және қабылдау мен қарым-қатынас жасауда қиындығы бар 12-17 жастағы балалар жаттығатын инклюзив орталықты дамытуды көздейді.

Грант қаражаты кабинетті жарақтауға жұмсалды: орталық тілді түзеуге арналған логопедия айнасын, бизиборд, бизидомик, сенсор гамак және емдік әткеншек сатып алды. Бұл жабдықтар жеке және топтық сабақтарға қолданылып, балалардың артикуляциясын, майда моторикасын, координациясы мен сенсор қабылдауын дамытуға сеп болады.

Замауани жабдықтардың арқасында орталықта ем алып жүрген балалардың көрсеткіштері әжептәуір өсті: тілі түзелді, зейіні мен шыдамы артты, эмоциялық күйі жақсарды, жаңа қарым-қатынас машықтары қалыптасты.

Сондай-ақ команда жаңа инвентарь: қадамдық (балалардың дене шынықтыруына арналған дамытушы модуль), жерге қойылатын тоннель (көпфункциялы снаряд), сандар мен әріптер жазылған дамытушы текшелер, жұмсақ баспалдақтар мен пандус сатып алды.

Құрал-жабдық сатып алынғаны түзету жұмысына ыңғайлы кеңістік жасалып, сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, логопедия кабинетіне келіп жүрген балалар санын 17 баладан 33 балаға дейін арттыруға сеп болды.

Орталық ата-аналармен жұмысқа да көңіл бөлді. «Дара Бала» отбасылармен екі кездесу ұйымдастырып, оған балаларды да қатыстырды. Кездесулерге 22 адам — ата-аналар, ҮЕҰ, мемлекеттік органлар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Орталыққа барып жүрген балалардың ата-аналары сабақтардың практикалық пайдасын атап өтіп, қордың көмегі мен қолдауына алғыс айтып жүр.

Мұндай игі істер қуантады ғой. Жұмыстың бәрі балаларымыздың келешегі үшін істеліп жатыр, — деп, Амир деген баланың әкесі Шахмардан мырза орталықтың дамуына қайырымдылық қоырының көрсетіп отырған қолдауы маңызды екенін атап өтті.

Кентауда мұндай кабинет ашылғаны бұрын өзге қаладан маман іздеп сабылып жүрген көп отбасыға елеулі қолдау болып отыр.