
Қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер болып ұсынылды. Бұл жөнінде қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының конференциясында айтылды.
Олжас Сүлейменовтің Нобель сыйлығына ұсынылуы оның көпжылдың ядролық қаруға қарсы қозғалыс және бейбітшілік орнату жолындағы қызметіне байланысты. Сүлейменов — Семей ядролық полигонын жаптыруға ықпал еткен халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының негізін қалаушы.
Партиядағылар Олжас Сүлейменовтің үлесі Қазақстанға ғана емес, халықаралық қауымдастыққа да маңызды екенін атап өтті. Бастаманы жақтаушылардың ойынша, Сүлейменовтің қызметі жаһандағы қауіпсіздіктің нығаюына және ядролық қарудан бас тарту идеясын өткізуге ықпал еткен.
Алайда үміткер ретінде ұсыну процедурасы үміткер автомат түрде қабылданды деген сөз емес: үміткерді номинанттар қатарына қосу жөнінде Норвегиядағы Нобель комитеті шешім қабылдайды.
Бұған дейін қазақстандық қоғамдық қозғалыстар Біріккен Ұлттар Ұйымында Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдары, соның ішінде зардап шеккендерге көмек көрсету мен аумақтарды экологиялық жағынан оңалту мәселесін көтеріп жүрген. Атап айтқанда, 2025 жылғы наурызда БҰҰ алаңында ядролық сынақтар құрбандарын қолдауға қосымша халықаралық механизмдер керек екені туралы бастама жария айтылған.