PepsiCo парник газдар шығарындыларын нөлдік көрсеткішке жеткізу мақсатын 2050 жылға қалдырды

2 июня 2025 ~ 2 мин. оқылады
Жаңарған күні: 14 июля 2025

Азық‑түлік және сусын өндірісі саласындағы алпауыт компания – PepsiCo – қоршаған ортаға қатысты негізгі мақсаттарын қайта қарап, парник газдар шығарындыларын нөлге түсіру мақсатын он жылға шегеріп, 2040 жылдан 2050 жылға қалдырды. Компания бұл шешіміне қайта өңдеу және қайта пайдалану инфрақұрылымы жеткіліксіз, электр жүйелерін жаңарту керек, электромобильдерге әлі толық қол жетпей жатыр және мемлекеттік саясаты өзгеріп жатыр дегендей «сыртқы жағдайлар» себеп болды деп отыр.

Джим Эндрю ведет презентацию на фоне изображения банки Pepsi
PepsiCo-ның орнықты даму жөніндегі бас маманы Джим Эндрю, фото: linkedin

Парник газдарды азайту мақсатынан бөлек, PepsiCo Scope 1 және Scope 2 шығарындыларын (қауіпті газдар шығарылуын жіктейтін санаттар; кәсіпорынның тікелей шығарындылары мен энергия тұтыну көздері) 2015 жылғы деңгейге қарағанда 2030 жылға дейін 75% азайтамыз деген мақсатынан айнып, 2022 жылғы деңгейге қарағанда 50% азайтатын болып өзгертті. Компания Scope 3 (тауардың өмір циклі бойындағы шығарындылар)  бойынша аралық мақсатын азайтып, 2030 жылға дейін энергетика және өнеркәсіп салаларында шығарындыларын 40%-дан 42%-ға дейін (2022 жылғы деңгейге қарағанда), ал орман, жер және ауыл шаруашылығы салаларында 40%-дан 30%-ға дейін азайтуды межелеп отыр.

«Біз өз прогресімізді – жетістіктерімізді де, қиындықтарымызды да, қазір компаниямыздың да, тұтас индустрияның да алдынан шығып отырған динамикалық жағдайларды айта берген маңызды екенін білеміз», – дейді PepsiCo атқарушы вице-президенті және орнықты даму директоры Джим Эндрю.

Қаптама мәселесіне келсек, PepsiCo 2030 жылға дейін сарқылатын ресурстардан алынатын бастапқы пластикті пайдалануды 20% азайтамыз деген межесін өзгертіп, жыл сайын орташа 2% азайтамыз деп отыр. Сондай‑ақ, өндіруші 2035 жылға дейін қаптамада 50% қайта өңделген пластикті қолданамыз деген мақсатын 40% және одан жоғары өзгертті.

PepsiCo 2030 жылға дейін сусындардың 20% қайта пайдаланылатын қаптамаға құйып сатамыз деген мақсатынан бас тартты. Сөйте тұра компания 2030 жылға дейін қаптаманың 97%-ын қайта пайдалануға, қайта өңдеуге немесе компосттауға жарамды қыламыз деген өршіл мақсатын сақтап отыр.

Топырақ күйін жақсарту және биологиялық әралуандықты арттыру жөніндегі науқан 2030 жылға дейін 7 миллион акрден 10 миллион акрге дейін артпақ. Сонымен қатар, алпауыт 2030 жылға қарай «суға оң қатынасы бар» компания боламыз, су дағдарысы ушығып тұрған аймақтарға баса мән береміз деген өршіл мақсатынан айныған жоқ.

Қаптамаға қатысты бұл өзгерістер былтырғы желтоқсанда Coca‑Cola компаниясы сондай қадам жасаған соң шықты.