Қазақстанда қайырымдылық көмекті үйлестіруге арналған платформа іске қосылды

18 ақпан, 2026 ~ 2 мин. оқылады
Umit
Дереккөз: Tamyr Platform

Қазақстанда атаулы қайырымдылық көмекті үйлестіруге және көмектің ашықтығы мен қайталануына қатысты қиындықтарды болдырмауға арналған Úmit.asia цифрлық платформасы іске қосылды. Платформа бірыңғай әлеуметтік тізілім ретінде жұмыс істейді, онда волонтерлер мен меценаттар нақты заттар мен қызметтерін мұқтаж отбасыларға тікелей ұсынады, ақша аудармайды.  

Осындай тәсіл бір отбасы бірнеше рет қатарынан көмек алатын, ол арада өзге отбасылар көмек пен қолдаудан қағылып қалатын жағдайларды болдырмауға, сондай-ақ алаяқтық қатерін азайтуға сеп болады. Úmit.asia платформасында деректер бірнеше деңгейде тексеріледі: әр отбасын волонтерлер барып тексеріп, мұқтаж күйін растайды, ал берілген көмек жүйеде тіркеліп тұрады.  

Платформаның функционалы көмек өтініші мен ұсыныстарды автомат түрде сәйкестендіріп, қорлар мен волонтерлердің қызметін өзара үйлестіріп отырады. Жүйеде өрт шыққан, су тасыған, басқа да төтенше жағдайларға байланысты өтініштерге басымдық беру көзделген, соның арқасында ресурстарды бәрінен керек жеріне  бірден жолдауға болады. Қолданушылар қайырымдылық ұйымын, панажайды не жеке адамның өтінішін таңдап ала алады, мысалы, бір отбасына үйін жөндеп береді не киім-кешек, жиһаз жеткізіп беруге болады. Көмек ақшалай емес, заттай не қызмет түрінде көрсетіледі, ал волонтерлер өтініштерді қарастырып, ақпаратты тексереді және қосқан үлесіне ұпай жинап отырады, соның арқасында олардың платформа жұмысына қосқан үлесін тіркеп, марапаттап отыруға болады.

Дереккөз: umit.asia
Дереккөз: umit.asia
Дереккөз: umit.asia
Дереккөз: umit.asia
Дереккөз: umit.asia
Дереккөз: umit.asia

Жоба өмірде қиын жағдайға түскен балалы отбасыларды, әсіресе көпбалалы және дамуында ерекшеліктері бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауды көздейді. Платформаның негізін қалаушы — MAXICO ІТ-компаниясының директоры, Astana Hub қатысушысы, пандемия, су тасқыны және өрттер кезінде гуманитарлық көмекті үйлестіретін қайырымдылық ұйымдарында 10 жылдан аса волонтер болған тәжірибесі бар Максим Марченко.  

2026 жылы команда платформаның функционалын кеңейтіп, мамандарға (заңгерлер, мұғалімдер, дәрігерлер) арналған бөлімдер қосып, волонтерлерге арналған мобайл қосымша жасап, сондай-ақ деректерді қорғап, көмек тарихы өзгермейтініне кепілдік беретін блокчейн технологиясын кіріктіруді жоспарлап отыр.