Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлер алатын жеңілдіктер

9 июня 2025 ~ 6 мин. оқылады
Жаңарған күні: 21 июля 2025
Копилка в виде барана на белом фоне
Көрнекілік: Tamyr Platform

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлер мемлекеттен салықтан жеңілдік, субсидиялар, жеңілдікті несие мен гранттар ала алады. Мұның бәрі ҚР Кәсіпкерлік кодексінде жазылған. Ондай қолдау алу құқығы заң талаптарына сай келетін кәсіпорындарға беріледі. Ондай талаптар ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал топтар өкілдерін жұмысқа алу және қоғамға маңызды жобалар жасауды қамтиты.

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкер мәртебесі ҚР Кәсіпкерлік кодексінде ресми бекітілген (6-1-бап). Бұл – Орталық Азияда әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек заң арқылы реттелетін аздаған мысалдың бірі.

Кәсіпорын әлеуметтік деп танылуы үшін мына талаптардың біріне не бірнешеуіне сай келуге тиіс:

Салықтан жеңілдік

Мүлік салығы мөлшерлемесі төмен

Салық кодексіне сәйкес, әлеуметтік кәсіпкерлерге мүлік салығы мөлшерлемесі салық базасынан 0,5% көлемінде белгіленген. Салыстырып қарасақ, мүлік салығының стандарт мөлшерлемесі жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде жұмыс істейтін заңды тұлғаларға – 1,5%, ал «оңайлатылған» режимде жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге – 0,5%.

Салықтан босату және төмендетілген мөлшерлеме

Мынадай шарттар орындалған жағдайда ұйым корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеуден босатылады:

Бұл талаптардың бәрі бір мезгілде орындалуға тиіс. Егер ұйымның арнаулы мәртебесі (мысалы, көру, есту немесе сөйлеу қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдарды біріктіретін) болса, онда қызметкерлер және жалақы қоры үлесіне төмендетілген – кемі 35% шек қолданылады.

Жұмыс беруші ұйымдар әлеуметтік салықтың стандарт 11% мөлшерлемесінің орнына 4,5% төмендетілген мөлшерлемені қолдануына болады. Ол үшін мына шарттар бір мезгілде орындалуға тиіс:

Жұмыскерлерді оқытып-үйретуге жұмсалған шығынды шегеріп, салық салынатын табысты азайту

Әлеуметтік кәсіпкерлер салық салынатын табысын әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын жұмыскерлерді оқытып-үйретуге, білігін арттыруға немесе кәсіби жағынан қайта даярлауға жұмсалған шығын сомасына тең көлемде азайтуға құқылы. Алайда шегерілетін сома бір салық жылы ішінде бір жұмысметкерге шаққанда 120 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауға тиіс.

Қайырымдылық қызмет істеп жүргендерге салық ауыртпалығы азаяды

Қазақстанда салық төлеушілердің бәріне, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлерге, қайырымдылық мақсатына қарай салықтан жеңілдіктер көзделген:

Қаржылай көмек

Жеңілдікпен несие беру

Қазақстанда мемлекет әлеуметтік кәсіпкерлікті кредиттердің пайыз мөлшерлемесіне субсидия беру механизмі көмегімен қолдайды. Бағдарламаны «Даму» қоры іске асырады.

Ең жоғары кредит сомасы:

Қарыз алушыға пайыз мөлшерлемесі: ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі + 5 % деп белгіленеді, алайда қарыз алушыға арналған түпкі мөлшерлеме 7%-дан аспайды, айырмасын мемлекет өтейді.

Кредит мерзімі:

Мынадай мақсаттарға кредит алуға болады:

Бағдарламаға қатысу талаптары:

Қарсы талаптар:

Инвестициялық жобаларды іске асырамын дейтін бағдарлама қатысушылары мемлекеттен қолдау алған сәттен бастап екі қаржы жылы ішінде мына көрсеткіштерінің кемі біреуін 10%-ға арттыруға міндетті болады:

Жалақыға субсидия

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар жұмыскерлердің жалақысынан 70%-ына дейінгі бөлігіне олар жұмысқа тұрған бірінші жылы субсидия береді. Алайда субсидия берілетін сома 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауға тиіс. Бұл қолдау тек әлеуметтік кәсіпкерлерге ғана емес, мүгедектігі бар адамдарға арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілердің бәріне жүреді.

Мүлік жағынан қолдау

Жалға алу ақысына жеңілдік

Мемлекет мүлкі сатып алу құқығынсыз жеңілдетілген шарттармен жалға беріледі. Коммерциялық емес ұйымдарға жалға алу төлемін есептегенде 0,5 коэффициенті қолданылып, жалға алу құны екі есеге дейін азайтылады.

Мемлекет мүлкін өтеусіз пайдалану

Егер әлеуметтік кәсіпкердің жобасы қоғамға маңызды болса, оған мемлекет мүлкі уақытша тегін пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл көмек өзге қаржыландыру көздері жоқ жағдайда және жобаны онсыз іске асыру мүмкін болмаған кезде көрсетіледі. Ол үшін жергілікті әкімдіктің не мемлекеттік мүлік басқармасының рұқсатын алу қажет.

Мүлік сатып алу/жаңартуға қаржы беру

Мүлік сатып алу не жаңарту үшін «Даму» қоры немесе жергілікті әкімдіктер арқылы қолдау алуға болады. Бұл мүмкіндікке дәстүрлі бизнес те, әлеуметтік кәсіпкерлер де жүгіне алады. Мынадай қолдау түрлері ұсынылады:

Гранттар

«Еңбек» бағдарламасы

«Еңбек» бағдарламасы кәсіп бастаймын дегендердің бәріне, оның ішінде әлеуметтік стартаптарға арналған. Грант мөлшері 400 АЕК-ке, яғни 2025 жылы – 1 572 800 теңгеге жетеді. Бағдарламаның басты мақсаты – іс бастауға бастапқы капитал беру.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер міндетті түрде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу өтіп, өз бизнес-жобасын қорғауға тиіс. Грант қайтарымсыз негізде беріледі.

Грантты жұмыссыз азаматтар; тіркелгеніне үш жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер; әлеуметтік осал топтағы адамдар – атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар, көшіп-қонушылар, қандастар, мүгедектігі бар адамдар және басқалар ала алады.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы

Бұл – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысымен «Мен кәсіпкер» бағдарламасы аясында іске асырып отырған мемлекеттік бастама. Жобаның мақсаты – жергілікті шикізаттан бірегей өнімдер шығарып, өткізіп, сол арқылы ауылдық аумақтардың дамуына серпін беру. Бағдарламаға шағын және орта бизнес субъектілерімен қатар белсенді азаматтар да қатыса алады. Бір кәсіпкерге берілетін гранттың ең жоғары мөлшері – 5 000 000 теңге.

Жобаға қатысатындарға кеңес беріледі, ақпараттық қолдау және өнім шығару, бөлшек сауда ұйымдастыру және іскерлік байланыс орнату жағынан көмек беріледі. Сондай-ақ өнімді сертификаттау және тауар белгісін жасауға жағынан да көмек бар.

Жоба 2021 жылы Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында пилоттық режимде іске қосылды. 2023 жылы сәтті басталған бағдарлама 2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға енгізіліп, бүкіл ел аумағында іске асырыла бастады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы

Ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін бұл бағдарлама 2023 жылы басталып, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатыр. Басты мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу.

Бағдарлама аясында 2,5% жылдық мөлшерлемемен 5 жылға дейінгі мерзімге (мал шаруашылығы жобаларына – 7 жылға дейін) жеңілдетілген микрокредиттер беріледі; ең жоғары сома жеке кәсіпкерлерге – 2 500 АЕК, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне – 8 000 АЕК. Кредит мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған.

Кредитті жеке кәсіпкер болып тіркелген, зейнет жасына жетпеген азаматтар; мерзімі өтіп кеткен берешегі жоқ және ауыл шаруашылығын жүргізуге қажет жағдайлары бар адамдар ала алады. Кредит мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, өнім өңдеу, кооператив құру және қызмет көрсету (сауда және жалға беруден өзге) бағыттарда беріледі.

«Бизнестің жол картасы – 2025» (БЖК-2025) бағдарламасы

Бұл – моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға арналған мемлекеттік бастама. Бағдарлама 2018 жылдан бастап іске асырылып келеді және форматы жаңартылды. Оған әлеуметтік кәсіпкерлер де жүгіне алады.

Қаржылай қолдау құралдары:

Қаржылай емес қолдау:

Бағдарлама аясында мынадай қаржылай емес қолдау шаралары ұсынылады:

Мемлекеттік сатып алу жағынан басымдық

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдайтын ұйымдардың, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлердің, белгілі бір мемлекеттік сатып алу байқауына қатысуда құқығы басым болады. Бұл – осындай ұйымдар мемлекеттік органдарға тауар, жұмыс және қызмет сатып алу кезінде басымдығы бар жеткізуші саналады деген сөз.

Ондай сатып алу байқауына қатысу үшін ұйымда штаттағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың орташа саны ұйымдағы жалпы жұмыскерлер санынан кемі 51% болуға және мүгедектігі бар жұмыскерлердің еңбекақысы ұйымның жалпы жалақы қорындағы шығынның кемі 51% болуға тиіс.

Кәсіпорындар мынадай тауар түрлерін ұсына алады:

Кәсіпорындар мынадай қызмет түрлерін ұсына алады: мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көліктерді жөндеу, демалыс және санаторий мен шипажайда емдеуді ұйымдастыру, ғимараттарды жинап-тазалау, клининг, аумақты абаттандыру және көгалдандыру, полиграфия және кір жуу қызметтері.

Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлер шағын және орта бизнеске арналған кеңес беру және өзге де бағдарламаларына жүгіне алады. Арнаулы экономикалық аймақтардың (АЭА) қатысушыларына салықтан және кеден бажынан жеңілдіктер көзделген. Олардың қатарына қосылған құн салығынан (ҚҚС), мүлік және жер салығынан босату, сондай-ақ жер телімдерін өтеусіз алу мүмкіндігі кіреді.

Әлеуметтік бизнес мемлекеттен қалай қолдау ала алады?

Мемлекеттің қолдауына жүгіну үшін әлеуметтік кәсіпкерлер өз кәсіпорындарын әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындар тізіліміне (ӘМКТ) тіркеуге тиіс. Ол үшін тіркелген жеріндегі кәсіпкерлік және сауда басқармасына өтініш беру керек. Жеңілдіктер мен артықшылықтардың бәрін тек ресми түрде әлеуметтік кәсіпорын мәртебесін алған ұйымдар пайдалана алады.

Алайда Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге қолдау көрсететін мемлекет қана емес. Tamyr Platform да қоғамға маңызды деп тапқан жобаларға ресми мәртебесі болмаса да көмектесіп келеді.