Қазақстандағы электрокар қуаттайтын бекеттер тізімі

25 қыркүйек, 2025 ~ 2 мин. оқылады
Фото:  Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото:  Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда электр көлікпен жүрудің қауіпсіздігі мен жайлылығына сеп болатын 43 жылдам қуаттау бекеті жұмыс істеп тұр. Электр қуаттау бекеттерінің қуаты 90–320 кВт арасында. 

Электр қуаттау бекеттері ел өңірлерін жалғап жатқан негізгі көлік бағыттарының бойында орналасқан және электр көліктеріне негізгі көлік дәліздерінің бойында кедергісіз жүруге мүмкіндік береді.

Негізгі бағыттар және бекеттер саны:

1. KAZ06 тас жолы: РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы) – 18 ЭҚБ:

 • Айша Бибі (535-км) – GasEnergy (160 кВт), Royal Petrol (160 кВт)

 • Тараз (475-км) – Royal Petrol (160 кВт), GasEnergy (160 кВт)

 • Ақтоған (350-км) – QazaqOil (160 кВт)

 • Мерке (348-км) – GasEnergy (160 кВт)

 • Қордай (214-км) – QazaqOil (160 кВт); (212-км) – Royal Petrol (160 кВт)

 • Кенен (157, 158-км) – GasEnergy (160 кВт), Royal Petrol (160 кВт)

 • Ақтерек (128-км) – QazaqOil (160 кВт)

 • Алматы (26-км) – Compass (160 кВт)

 • 2253-км – Royal Petrol (160 кВт)

 • Шелек (127-км) – GasEnergy (160 және 80 кВт)

 • Қызылорда (Бірқазан, 1831-км) – GasEnergy (160 кВт)

 • Жайылма (1984-км) – GasEnergy (160 кВт)

 •  1359-км – QazaqOil (160 кВт)

2. Шымкенттің солтүстік айналма жолы (KZ17-01) – 2 ЭҚБ:

 • 2262-км – Royal Petrol (160 кВт)

 • 2264-км – Royal Petrol (160 кВт)

3. Байсейіт – Көкпек – Шонжы – Көктал (KAZ05-01) – 1 ЭҚБ:

 • Жібек Жолы ПББ (90 кВт)

4. Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское (KZ05-10) – 1 ЭҚБ:

 • 42-км – QazaqOil (160 кВт)

5. А-3 «Алматы – Өскемен» тас жолы – 3 ЭҚБ:

 • Қонаев (72-км) – QazaqOil (160 және 80 кВт)

 • Алматы (26-км) – Helios (160 кВт)

6. KAZ01 «Екатеринбург – Алматы» тас жолы – 8 ЭҚБ:

 • 115-км – QazaqOil (160 кВт)

 • Астана (Жібек Жолы, 1284-км) – Compass (320 кВт)

 • Қарағанды (1456, 1496-км) – QazaqOil (160 кВт), GasEnergy (320 кВт)

 • Ақшатау (1706-км) – QazaqOil (320 кВт)

 • Балқаш (1853-км) – QazaqOil (320 кВт)

 • Бурылбайтал (2152, 2131-км) – QazaqOil (160 кВт), Royal Petrol (160 кВт)

7. А-1 «Астана – Петропавловск» тас жолы – 6 ЭЗС:

 • Астана (18, 20-км) – GasEnergy (160 кВт), QazaqOil (160 кВт)

 • Шортанды (74-км) – QazaqOil (320 кВт)

 • Ақкөл (104-км) – QazaqOil (320 кВт)

 • Щучинск (234-км) – QazaqOil (320 кВт 2 ЭҚБ)

8. А-17 «Астана – Павлодар – Успенка» тас жолы – 1 ЭҚБ:

 • Шідерті (км 1217) – QazaqOil (160 кВт)

9. KAZ19 «Қостанай – Рудный – Денисовка – Қарабұтақ» тас жолы – 1 ЭЗС:

 • Рудный тас жолы (547-км) – QazaqOil (160 кВт)

10. KAZ23 «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» тас жолы – 1 ЭҚБ:

 • Әулиекөл (105-км) – QazaqOil (160 кВт)

11. А-16 «Жезқазған – Петропавловск» тас жолы – 1 ЭҚБ:

 • 952-км – Лукойл (Эталон Регион) (180 кВт). 

Қуаттау бекеттері желісін дамытқанның арқасында экологияға зиянсыз таза көлікті пайдалану көбейіп, электр көліктері жүргізушілеріне жайлылық артып, заманауи көлік қозғалысы инфрақұрылымы қалыптасып келеді.

Қазақстандағы алғашқы электр қуаттау бекеті 2016 жылы Алматыда, 2017 жылы  — Астанада орнатылған. Содан бері электр көліктеріне арналған инфрақұрылым қарқынды дамып келеді.  2023 жылы үкімет республиканың ірі қалаларының бәрінде 2029 жылға дейін электр көліктеріне арналған инфрақұрылым қалыптастыру жөніндегі жол картасын бекіткен. Бұл бастама нормативтік және техникалық талаптарды, Қазақстанда электр көліктерін қуаттау жабдықтарын өндіруді, сондай-ақ қуаттау бекеттері қажеті мен оларды орнататын орынды анықтауды қамтиды.