
Қазақстандық дизайнер Данияр Удербеков алдыңғы қатарлы технологиялар мен Орталық Азияға тән дәстүрлі аяқкиімнің эстетикалық мотивтері үйлесім тапқан UDRB модульдік кроссовкасының концептін ұсынды.
Конструкциясы және материалы
Модель негізгі үш құрамдастан тұрады:

Дизайнының артықшылықтары
UDRB — толық модульді әрі бөлшектелетін кроссовка: оның құрамдастарын ағытып алып, алмастыруға болады, соның арқасында ұзақ киіс береді әрі әбден тозған соң экология зияны тимейтіндей қайта өңдеп жіберуге болады.
Кроссовкалар желімсіз әрі құрал-жабдықсыз құрастырылады: былғары бөлігін 3D-табанның үстіне қойып, таспа-бауын байлап бекітсе болды — қарапайым да тиімді тәсіл.
Оның үстіне, UDRB тұйық цикл экономикасы принципіне (сарқылмайтын, жаңартылатын шешімдерге сүйеніп өндіру және тұтыну моделі) сүйенеді әрі экологияға зиянсыз: табаны тозып кетсе, алмастырып қоюға болады, ал былғары бәтіңкенің өзін стильді де функционал аяқкиім қылып үйге киюге болады.


Шабыт сыйлаған мәдени контекст
Дизайнның негізі — Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі мәсі өндірісіне сілтейді. Удербеков оны практикалық жайлылығы, арзандығы мен функционалдығына бола таңдапты.
Құзға өрмелеушілердің арқанынан жасалған бауы Алматы маңындағы тау табиғатын еске салып, мәдени контекст пен технологиялық эстетиканы жалғайтын дизайн элементін үстейді.
Данияр Удербеков — Қазақстаннан шыққан бұйым дизайнері. Өз туындыларында көшпенділер мәдениетінің дәстүрлерін, заманауи технологиялар мен экологияға зиян келтірмеу ұстанымын біріктіріп келеді. Алматыда туған, график-суретші мамандығын алған.
2023 жылы Данияр 10 Nodes орындығын — 3D-принтерде басылған он біркелкі модульден құралған эксперимент нысанды таныстырған. Орындықтың отырғышына Орталық Азия аймағына тән материал мен заманауи эстетиканы ұштастыратын терраццо сынды суреті бар киіз қапталған.
Удербеков цифрлық өндіріс пен жергілікті материалдардың үйлесімін зерттеп келеді: оның жобаларында экологияға зиянсыз, модуль принципі әрі қайта өңдеу сынды ұстанымдар қайталанып келеді.