Қазақстандық EA Group қорының венчур бөлімшесі алғаш рет еуропалық стартапқа инвестиция құйды

25 қыркүйек, 2025 ~ 1 мин. оқылады
Сурет: Tamyr Platform
Сурет: Tamyr Platform

Қазақстандық EA Group инвестициялық холдингі мен Кремний алқабындағы ең ірі венчур акселераторлардың бірі Plug and Play Tech Center бірлесіп құрған EA Ventures Plug and Play EMEA Fund венчур қоры Еуропада алғашқы мәміле жасалғанын жариялады. Қор инвестициялық банктерде клиент тартуды автоматтандыру жағынан жұмыс істейтін Sax AI  британ-испан стартапына 150 мың еуро құйды.

Раундтың жалпы көлемі 1,5 млн еуро болды. Инвесторлар қатарында — европалық Bynd және Athos Capital қорлары да бар.

Sax AI — клиенттерді тексеретін қызметкерлердің орнына жұмыс істейтін, жасанды интеллектіге сүйенетін агент (Know Your Business, KYB). Ол персонал ұстау шығынын  90% дейін азайтып, бір банкке жылына 37 млн доллар үнемдеуге мүмкіндік береді. Шешім M&A және кредиттеуге байланысты мәмілелерде қолданылады және AML/CTF ескеріп, Front Officers пен сапа менеджерлерінің жұмысына кіріктіріледі.

EA Ventures Plug and Play EMEA Fund қорының басшысы Әділбек Камиевтің айтуынша, Sax AI инвестициялық банкингтің негізгі қиындықтарының бірін шешуге көмектеседі екен:

Біз Sax AI жай мүмкіндігі мол AI-өнім ғана деп емес, инвестициялық банкинг нарығындағы ең қымбатқа түсетін қиындықтардың бірі — онбординг процесінің жүйелі шешімі деп білеміз. Стартап командасы клиенттер мен сала эксперттерінен құнды ұсыныстар алды, ал өнімнің өзінің ауқымын кеңейту және қайта сатылу әлеуеті өте жоғары.

EA Ventures Plug and Play EMEA Fund 2025 жылы Испанияда іске қосылған. Қор  финтех, жасанды интеллект және бұлттағы B2B-шешімдерге ден қоя отырып pre-seed — pre-Series A сатысындағы технологиялық стартаптарға 150–500 мың еуро инвестиция құямыз деп жоспарлар отыр.

Sax AI компаниясы 2024 жылы құрылған, Лондон мен Испанияда орналасқан. Стартап еуропалық банктермен келіссөз жүргізіп, 2026 жылы инвестицияны команданы кеңейтуге, өнімді дамытуға және  Series A сатысына дайындыққа жұмсамақ.