Қазақстаннан шыққан білім беру стартапы Пвел Дуровтан грант алды

1 желтоқсан, 2025 ~ 1 мин. оқылады
Павел Дуров
Сурет: Tamyr Platform

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында Астанада стартаптар байқауы өтті. Қазылар алқасының назарына қазақстандық CYBERPACK.AI жобасы ілігіп, жоба таныстырылымынан кейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуров жеке бастамасымен осы стартапқа қосымша жүлде ретінде 25 000 АҚШ долларын табыстады.

Кеше түнде Astana Hub-тан «Жобаңыз Дуровқа ұнады, ол жеке өзі сыйақы бергісі келеді, компанияның реквизиттерін сұратты» деген қоңырау келді, – деді жоба жетекшісі Сабыржан Мустафин.

CYBERPACK.AI — бұл мобайл қосымша, веб-платформа және STEAM-конструкторларды біріктірген білім беру алаңы. Жоба оқушыларға инженерше ойлауды дамытып, технологияларды меңгеруге және өз ғылыми жобаларын жасауға мүмкіндік береді.

Дуров табыстаған қаражатты команда жобаның AI-модулін жетілдіруге, ауқымын кеңейтуге және жаһандық нарыққа шығуға жұмсамақ.