
Қазақстанның оңтүстігінде жекеменшік күн станциялары күрт көбейді: күн станциялары иелері саны 3,5 есе артып, торапқа түскен артық энергия төлемі 200 млн теңгеден асты.
Бөліп таратушы торап операторының дерегінше, қазір «нетто-тұтынушылар» (өз бетімен электр энергиясын өндіріп, артығын сатып отырғандар) саны жыл басында 22 болса, қазір 78 болған. Жекеменшік станциялардың қуаты 3 еседей артып, 2750 кВт-тан 7602 кВт-қа жеткен.
Мұндай өсімне себеп болғаны — адамдар мен компаниялар, әсіресе шаруа қожалықтары мен жеке үй иелері ірі электр станцияларына толық арқа сүйегеннің орнына көбінесе өз күн панельдерін орнатып алып, артық энергияны торапқа қайта сатып отырғаны. Соның арқасында электр жүйесіне түсетін жүктеме азаяды: әдетте энергия тұтыну артатын жазғы маусымда микро-генерация жүктеме тым артып кетуін болдырмай, электро тоғымен қамтамасыз ету едәуір тұрақты болуына сеп болады.
2026 жылға қарай нетто-тұтынушылар саны жүзден асады, ал жекеменшік станциялардың жалпы қуаты 10 МВт-қа жетеді деген болжам бар. Бұл жылына толыққанды шағын энергетика нысаны шығаратындай 5 млн кВт/сағаттан артық «таза» энергия өндіруге сеп болмақ.