
Костанайда әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған хаб ашу жоспарланып отыр. Бұл бастама Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумында таныстырылды.
Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтуынша, өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік дамып келеді:
Жыл басында Қостанай облысында 47 әлеуметтік кәсіпкер болса, қазір олардың саны 76-ға жетті. Олардың басым көбі — әйелдер, — деді Әлеуметтік кәсіпкерлік подкомитетінің төрағасы Александр Соболев.
Форумға түрлі өңірлерден 120-дан астам қатысушы: кәсіпкерлер, сарапшылар және мемлекеттік органдар өкілдері жиналды. Шара аясында Қостанай, Павлодар және Алматы облыстарының әлеуметтік кәсіпкерлері жасаған өнімдер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.
КИНЭУ оқу орнының президенті Рихсибай Мамедовтың қолдауының арқасында хабқа университет базасынан арнайы орын берілмек. Сол жерде оқыту бағдарламалары, көрмелер мен тәжірибе алмасуға арналған кездесулер өткізіледі.