Astana Hub алаңында өткен Pizza Pitch байқауының финалында инклюзиялық стартап Hearo жеңіске жетті. Жалпы эксперттер мен қауымдастық өкілдері алдында он команда жобасын таныстырған.
Pizza Pitch-ке барлығы 65 өтінім түскен, соның ішінен он жоба онлайн түрде іріктеп алынды. Жеңімпаз – бүкіл дүниежүзіндегі құлағының мүкісі бар қолданушылардың басын қосып, Халықаралық ым-ишара тілін үйренуге көмектесетін қосымша – Hearo стартапы болды. Жоба авторы Амина Усина — Hearo ым-ишара тілін әркімнің үйренуіне сеп болады деп сенеді.
Hearo құлағы нашар еститін адамдардың жұртпен қарым-қатынасындағы бөгеттерді бұзуға деген талпыныстан туған. Халықаралық ым-ишара тілін үйрену қаншалықты қиын екенін түсініп, оны оңай, түсінікті және интерактив түрде – адамның ым-ишарасын нақты уақыт режимінде жасанды интеллект көмегімен тану арқылы үйренуге сеп бола алатын веб-қосымша жасаймыз деп бел будық.
Екінші орын алған Aspan стартапы – оқыту процесін қызықты ойын процесіне айналдыратын білім беру қосымшасы. Ал үшінші орынды – онкологиялық сырқаттарға диагностика жасау үшін әзірленген CortexAI жасанды интеллект жүйесі иеленді.
Pizza Pitch – 2018 жылы негізі қаланған, Oрталық Азиядағы ең ірі IT технопаркі — Astana Hub экожүйесінің бір бөлігі. Бұл іс-шара стартаперлерге аудитория алдында өзін таныстырып, пицца жей жүріп әңгіме форматында жаңа таныстар табуға мүмкіндік беретін бейресми платформа. Қатысушылар PDF форматында үш минут презентация жасайды, соңында финалдық сирена дыбысы шыққан соң, жобаны эксперттер бағалайды. Pizza Pitch жеңімпаздарына серіктестер ұсынған сыйлықтар беріледі.