Шынайы өзгерістер практикасы: Алматыда Орталық Азиядан шыққан әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған Tamyr Platform акселераторының жұмысы басталды

10 қазан, 2025 ~ 2 мин. оқылады
Фото: Tamyr Platform
Фото: Tamyr Platform

Жай ғана көмектесіп қоймай, нағыз бизнес құру керек — Орталық Азиядан шыққан 26 әлеуметтік кәсіпкер осыны үйренеді. 2 қазанда Алматыда  орнықты да маңызды жобалар жасауға керек практикалық құралдарды үйрететін интенсив — Tamyr Platform акселераторының жұмысы басталды.

Алты күн бойы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген қатысушылар өз бизнес-жобаларын табысты дамытуға керек қолданбалы білім алады. Бағдарламада стратегия құру, қаржы орнықтылығы негіздерін ашып, сондай-ақ тәжірибе алмасып, нетуоркинг құратын кеңістік ұсынады.

Мұнда бәсекелес жоқ, өзім сияқты, әлеуметтік кәсіпкерлікті ойлайтын серіктестер, әріптестер ғана бар.  Олар мен көрмесем де, өздері көріп жүрген проблемалар мен қиындықтар туралы айта алады. Бұл біздің жобамызға аса пайдалы болса керек,  дейді акселератор қатысушысы, «Развитие и поддержки инноваций – Алмаз» қоғамдық ұйымының директоры Дилшод Тагоймуродов.

Фото: Tamyr Platform
Фото: Tamyr Platform
Фото: Tamyr Platform
Фото: Tamyr Platform

Tamyr Platform акселераторын 2025 жылы EA Group инвестициялық холдингі мен EA Charity fund қайырымдылық қоры әлеуметтік стартаптарды қолдау үшін құрған.

Бенефициарлар қайырымдылық бағдарламалары аяқталған соң да қолдаусыз қалмайтындай жол іздей бастадық. Жауабы қарапайым болып шықты: балық бермей, балық аулауды үйрету керек екен. Сөйтіп, әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған, бастамалардың орнықты болып, ұзақмерзімді пайда тигізуіне жетелер бағдарлама акселератор туды, дейді  Tamyr Platform жобалар менеджері Дастан Аққожа.

Спикерлер арасында тәжірибелі  практик мамандар көп:  John Galt  бизнес-акселераторының жетекшісі Айсалкын Таласбекова, agile-коуч әрі сервис-дизайнер Жанна Прашкевич, IDEA Central Asia атқарушы директоры Айзат Русланова, EAGROUP инвестициялық серіктесі Ғани Қасымов, Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Наргиз Шукенова және басқалары бар. Олар теория үйретіп қана қоймай, бизнестегі, әлеуметтік бастамалар мен инвестициялық жобалардағы өз жұмыс кейстерін көрсетеді.

Акселератор қорытындысы бойынша қатысушылар өз миссиясын нақты қалыптастырып, идеяларын сынақтан өткізіп, қаржы моделін құрып ала алады. Сондай-ақ шағын питчиңдерде жаттығып, әр сөйлеушіге мамандардан пікір айтылып, ой қосылады.

Біздің орнықтылығымыз — ақша жоқта жұмыс істей беретініміз. Мен орнықтылық басқаша болса деймін. Осы акселератордан командамызбен түрлі, сол орнықтылықты қаржы жағынан да нығайтуға сеп болатын машықтар үйрене аламыз деп күтеміз. Өз шығынымызды ақтай алатындай, ертеңгі күні күйіп кетіп, жабылып қаламыз, бізден игілік алып отырғандар көмексіз қалады деп қорықпайтындай болғымыз келеді, — дейді акселераторға қатысушылардың бірі Светлана Богатырева.

Tamyr Platform акселераторына Орталық Азияның бес елінен 549 өтінім келіп түскен. Эксперттер алқасы 26 өтінімді іріктеп алды, арасында экологиялық және мәдени хабтар да, асқан технологиялық AI-шешімдер де бар. Қатысушылар арасында инклюзия және мүгедектікі бар адамдарды қолдау саласындағы жобалар, әйелдер мен жасөспірімдерге арналған платформалар, аналарға арналған сервистер, білім беруші және буллиңге қарсы бастамалар бар.

Іріктеу кезінде өзімізге екі-ақ сұрақ қойдық: Жобаның қоғамға берер пайдасы не? Жобаға біз қалай көмектесе аламыз? Бұл әжептәуір қиын нәрсе, өйткені қатысушылар бір жағынан кәсіпкер болса, бір жағынан стартап атмосферасы мен әлеуметтік әсерді де тоғыстырады. Сондықтан да Tamyr Platform қатысушылары арасында технологиялық стартаптардың негізін қалаушылар да, мәдени жобаларды дамытып жүргендер де бар. Олардың бәріне – әлеуметтік кәсіпкер, яғни өз еңбегімен төңірегіндегі адамдардың өмірін жақсартып жатқан адам деген түсінік ортақ, деп түсіндірді EA Charity fund директоры Айдар Бурибаев.

Бағдарламаның финалы Алматыда өтеді: қатысушылар эксперттер алқасына жобасын таныстырып, 10 млн теңгеге дейін грант ала алады. Ықтимал жеңімпаздар санына шек қойылмайды, мүмкіндігі зор, жақсы ойластырылған, мақсаты айқын жобаларға қолдау көрсетіледі. Акселератордың жалпы грант қоры 125 млн тенге.