
Tamyr Education Forum 2026 форумы 27 қазанда Алматы қаласындағы Narxoz Business School-да өтеді. Бір күн ішінде қатысушылар мектептегі білім берудегі өзекті мәселелерді талқылайды, интерактивті сессиялар барысында бірлесіп жұмыс істейді және талқылау нәтижелерін тұжырымдайды.
Форум бағдарламасы алдымен білім берудегі теңсіздіктің жалпы сипаты мен мәселесін айқындап, кейін практикалық бірлескен жұмысқа көшуге бағытталған.
Форум ұйымдастырушылар мен серіктестердің құттықтау сөзімен басталады. Осыдан кейін, Teach for Qazaqstan директоры Гүлнара Салмен қатысушыларға білім берудегі теңсіздік тақырыбын назарға алуға және бүгінгі таңда Қазақстан мектептерінің қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын сипаттауға көмектеседі.
Модераторларды, интерактивті сессиялардың тақырыптарын және болашақ жұмыс принциптерін таныстыруға бөлек бөлім арналатын болады.
Tamyr Education Forum 2026 іс-шара жоспары:
09:00–09:30 — қатысушыларды тірке, кофе-брейк
09:30–09:45 — Форумның ашылуы
09:45–10:00 — серіктестердің сөз сөйлеуі: Teach for Qazaqstan и Narxoz Business School
10:00–10:15 —Айдара Бурибаева, EA Charity fund директорының құттықтау сөзі
10:15–11:15 — Білім берудегі теңсіздіктерді назарға алу. Гульнара Салмен, Teach for Qazaqstan директоры
11:15–11:45 — Панельдік сессия тақырыптары мен модераторлармен танысу, қатысушыларды залдарға бөлу
11:45–12:15 — кофе-брейк
12:15–14:15 — үш бірқатар өтетін интекративті сессиялар
14:15–15:00 — үзіліс уақыты
15:00–16:00 — бірлескен жұмыс қорытыдыларымен бөлісу
16:00–16:30 — нетворкинг
16:30–17:00 — Tamyr Platform 2026 ашық байқауының жеңімпаздарын марапаттау
17:00–17:30 — ашық микрофон
Бағдарламаның негізгі бөлімі интерактивті сессиялардан тұрады. Қатысушыларға дайын шешімдер емес, керісінше, мектептегі білім берудегі нақты қиындықтарды талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған жағдай ұсынылады.
Жеке топтарда жұмыс істегеннен кейін, қатысушылар талқылаған мәселелердің негізгі тұжырымдары мен нәтижелерін ұсыну үшін қайта бас қосады.
Форум мектептегі білім беруге арналған және мектептерді, білім беру бағдарламаларын және мектеп ортасын дамытумен айналысатын мамандарға арналған.
Форумға қатысу тегін. Алдын ала тіркелу қажет. Орын саны шектеулі.