Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және таныс мәселелерге тың көзқарас — форум қатысушыларының ой-пікірлері

9 қараша, 2026 ~ 2 мин. оқылады
Иллюстрация — Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және таныс мәселелерге тың көзқарас — форум қатысушыларының ой-пікірлері

27 қазан күні Алматы қаласында Tamyr Education Forum 2026 өтті. Форум педагогтерді, мектеп әкімшілерін, білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес секторының өкілдерін, сондай-ақ Қазақстандағы мектеп білімінің дамуына мүдделі басқа да тараптардың басын қосты.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздері үшін ең құнды болған тұстармен бөлісті. Олардың көбісі сессиялардың практикалық сипаты, әртүрлі көзқарастармен танысу мүмкіндігі, жаңа кәсіби байланыстар орнату және тереңірек зерттеуге тұрарлық жаңа идеялардың табылуы секілді ортақ пікірлерімен бөлісті.

Нақты мәселелерге бағытталған практикалық формат

Форумның негізгі бөлігі интерактивті сессиялардан тұрды Қатысушылар топтарға бөлініп жұмыс істеді, өмірдегі нақты жағдаяттарды талқылады, өз тәжірибелерімен бөлісті және мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп іздеді.

Бұл формат тек теориялық талқылаумен шектелмей, мектеп білімі саласында қызмет ететін мамандардың күнделікті тәжірибесіне сүйене отырып, білім беру мәселелерін нақты тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді.

Иллюстрация — Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және таныс мәселелерге тың көзқарас — форум қатысушыларының ой-пікірлері

Қатысушылар үшін бұл шараның құндылығы тек идея алмасумен ғана емес, сонымен қатар басқа мектептерден, өңірлерден және әртүрлі кәсіби ортадан келген әріптестердің тәжірибесімен танысу мүмкіндігі болды.

Таныс мәселелерге басқа қырдан қарау

Форумда бір мәселені мұғалім, мектеп директоры, ресми білім беру жүйесінің өкілі, үкіметтік емес ұйым немесе басқа да білім беру бастамаларының өкілі ретінде әртүрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік болды.

Көпшілік үшін бұл бірлескен жұмыс үдерісінің ең маңызды нәтижелерінің бірі болды: өз кәсіби рөлінің шеңберінен шығып, жағдайға кеңірек ауқымда қарау мүмкіндігі ашылды.

Иллюстрация — Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және таныс мәселелерге тың көзқарас — форум қатысушыларының ой-пікірлері

Интерактивті сессиялардан кейін қатысушылар топтық жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Бұл үш түрлі топта жасалған қорытындыларды салыстыруға және әртүрлі тәсілдердің бір-бірін қалай толықтыра алатынын көруге мүмкіндік берді.

Иллюстрация — Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және таныс мәселелерге тың көзқарас — форум қатысушыларының ой-пікірлері

Инклюзия туралы қызу пікірталас

Кері байланыс барысында инклюзия мәселесі жеке тақырып ретінде ерекшеленді.

Қатысушылар үшін бұл тақырыпты жалпы ұғым ретінде емес, нақты мектеп тәжірибесі, педагогтердің басынан өткергендері, сондай-ақ балалар, мұғалімдер мен мектептер кездесетін нақты жағдайлар тұрғысынан талқылау маңызды болды.

Иллюстрация — Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және таныс мәселелерге тың көзқарас — форум қатысушыларының ой-пікірлері

Мұндай талқылаулар тек өз тәжірибеңізбен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар ұқсас қиындықтарды шешіп жүрген әріптестеріңіздің тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.

Жаңа байланыстар орнату және болашақ жұмыс негізі

Форум тек сессиялық іс-шаралар өтетін алаң ғана емес, сонымен қатар кәсіби байланыстар орнатуға арналған кеңістік болды.

Қатысушылар өзара танысып, өз жобаларын талқылады, нақты қажеттіліктерімен бөлісті, сондай-ақ мүдделері мен мақсаттары ұқсас адамдарды тапты.

Иллюстрация — Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және таныс мәселелерге тың көзқарас — форум қатысушыларының ой-пікірлері

Кейбіреулер үшін бұл жаңа байланыстар әлеуетті серіктестер табуға мүмкіндік берсе, басқалары үшін идеяларына қатысты пікір-ұсыныстар алуға немесе жай ғана кәсіби қауымдастықтың қолдауын сезінуге жол ашты.

Идеядан іске апарар жол

Кері байланыс барысында тағы бір маңызды жайт анықталды: форум қатысушыларға өздері айналысып жүрген тақырыптар мен жобалардың шынымен де сұранысқа ие екеніне көз жеткізуге көмектесті.

Бұл кейбір қатысушылар үшін өз бастамаларын дамытуды жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа түрлерін қарастыруға қосымша ынталандыру болды.

Иллюстрация — Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және таныс мәселелерге тың көзқарас — форум қатысушыларының ой-пікірлері

Жаңа идеялар, кәсіби байланыстар және алға қарай дамуға деген жаңа құлшыныс секілді нәтижелер форум аяқталғаннан кейін де оның маңызды жалғасы ретінде қызмет етеді.

Ашық диалог үшін алғыс білдіреміз

Tamyr Education Forum 2026 білім беру форумы өз мәресіне жетті, алайда іс-шара барысында туындаған көптеген талқылаулар, байланыстар мен идеялар форум аяқталғаннан кейін де өз жалғасын таба береді.

Тәжірибелерімен бөліскен әрі сұрақтар қойып, білім беру жүйесіне қатысты шешімдер табу жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайындық танытқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.

Форумда пайда болған жаңа байланыстар мен идеялар болашақ жұмыстарыңызда өз үлесін қоса береді деп үміттенеміз.