
Алматыда 7 қазанда Орталық Азия елдерінен шыққан әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған Tamyr Platform 2025 акселераторы аяқталды. Резиденция финалына өткен 10 командаға жалпы сомасы 66 млн теңге болатын гранттар берілді.
Tamyr Platform 2025 аясында өткен интенсив орнықты әлеуметтік бизнес құру жолдарына арналды. TEDx спикері Жанна Прашкевич, Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Наргиз Шукенова, ololo компаниялар тобы инвестиция бөлімшесінің жетекшісі Айсалкын Таласбекова және басқа да спикерлер жоба құндылықтары, іске жарамды MVP, әлеуметтік жобалардың бейстандарт формалары туралы дәріс оқып, питчиң жағынан шеберлік сағаттарын өткізді.
Опен-колл кезінде келіп түскен 549 өтінім арасынан 26 жоба іріктеп алынған, финалға 10 жоба өтті:
Мәтін және мультимедиа ақпаратты 3D-аватар көмегімен ым-ишара тіліне аударатын AI-платформа.
Қайта өңделген қоқыстан шатыр, қасбет материалдары мен универсал полимер құрылыс өнімдерін шығаратын желі құру.
Кентаудағы және оған таяу жатқан ауылдардағы аутизмге, Даун синдромына шалдыққан, патологиялық тіл бұзылысы бар балалардың денсаулығы мен психологиялық күйін қолдау.
Балалары буллинг көріп жүрген отбасыларды қолдау.
3 жасқа толмаған балалардың денсаулығындағы ақауға ерте араласуға мүмкіндік беретін Telegram-бот. Мақсаты — ата-аналарға баласының дамуындағы ықтимал ауытқуларды ертерек танып, шұғыл шара жасауға мүмкіндік беру.
Астанадағы «Кітапашар» деген жалғыз букинист дүкенін дамытып, әлеуметтік және мәдени кеңістікке айналдыру.


Балаларын жалғыз бағып отырған, жақындарына күтім жасауға тиіс болғаны себепті толық күн жұмыс істей алмайтын, кәсіби тәжірибесі не білімі жоқ, мүгедектігі бар әйелдерді жұмысқа тұрғызуға көмектесу.
Менталдық ауытқулары бар балалар мен олардың отбасына арналған жаттығу орталығын құру. Жоба өз-өзіне қызмет көрсету машықтарын үйретеді, әлеуметке араластырады, кәсіпке бағдарлайды, кәсіби машықтарды үйретеді.
«Трансформа» тәуелсіз театр және продюсерлік орталығы базасында театр мамандақтары бойынша білім беретін Transforma Online Lab онлайн-платформасын дамыту.
Астанадағы көп рет қолдануға болатын ыдысқа өлшеп азық-түлік салып, құйып беретін Zero-waste дүкені.




Акселератор EA Group Holding холингінің қайырымдылық бағыты – EA Charity fund қорының қолдауымен өтті.