Tamyr Platform балалардың дамуы тежелуі қаупіне баға беретін EarlyCheck Bot чат-ботын іске қосуды қолдады

18 наурыз, 2026 ~ 1 мин. оқылады
Телефон
Дереккөз: Tamyr Platform

Tamyr Platform 2025 акселераторының қырғызстандық жеңімпазы Нургиза Аймухамедова командасымен бірге EarlyCheck Bot жобасының дайындық кезеңінің негізгі шарусын орындап болды. Telegram-бот 0–3  жасар балалардың бойындағы қауіпті белгілерді танып, баланың ата-анасын мамандарға жолдайды.

EarlyCheck Bot чат-бот форматында жұмыс істейді және бала дамуының негізгі көрсеткіштеріне қарап бастапқы скриниң өтуге көмектеседі. Ата-ана баланың мінез-құлқы, сөйлегені, моторикасы мен әлеуметтік дағдылары туралы қарапайым сұрақтарға жауап береді де, жүйе логопедке, психологқа не басқа бір маманға бару керек пе деген ұсыныс жасап береді. Мұндай формат әсіресе өңірлерде тұратын отбасыларға бастапқы диагностика жасатуды оңай ете түседі.

Қарашада команда жобаның техникалық бөлігіне ден қойып, 0–42 айлық балаларға арнап дамудың жеті саласы бойынша сауалнама әзірледі. Сондай-ақ әр жас тобына ұсыныстар әзірленді, ол ата-аналарға скриниң өткеннен кейін жолданады.

Бір ай бойы боттың MVP-нұсқасы түрлі құрылғыларда, бірнеше қолданушы қатысып сыналды. Сонымен қатар диагностика өту нәтижесіне қарай жасалатын PDF-ақпар әзірлеуге керек материалдар жиналып, құрылымдалды.

Желтоқсанда команда чат-бот архитектурасын кеңейтіп, жүйені икемдірек етіп жасады да, оны алда ауқымын кеңейтуге дайындады. Әзірлеушілер тестілеу барысында табылған қателерді түзетіп, сервистің жұмыс логикасын жетілдірді. Сондай-ақ боттың өнімділігі мен қолданушылар саны артқан жағдайда да тұрақты жұмыс істеуі жақсартылды. Бұған қоса, команда жобаны алдағы уақытта кеңейтуге және жаңа функциялар қосуға қажет техникалық негізді дайындады.

Алдағы кезеңде Нургиза Аймухамедова серіктестер желісін кеңейтіп, жобаны ілгерілетудің жаңа арналарын сынап көрмек. Әзірлеушілер аналарға арналған Take Care Mom мобайл қосымшасымен ынтымақтастық туралы келісім жасасып, осы платформа арқылы жаңа қолданушы тартуды көздеп отыр. Сондай-ақ Бішкектегі неврология клиникасымен ақпараттық қолдау жөніндегі келісімге қол қою жоспарланған.