Tamyr Platform Орталық Азиядан шыққан әлеуметтік кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдап болды

25 қыркүйек, 2025 ~ 1 мин. оқылады
Сурет: Tamyr Platform
Сурет: Tamyr Platform

Tamyr Platform акселераторы Орталық Азиядан шыққан әлеуметтік кәсіпкерлерден өтінім қабылдап болды.  21 шілдеде опен-колл ашылып, 1 қыркүйекте өтінім қабылдау аяқталғанға дейін 549 өтінім түскен.

Қатысушыларды іріктеу нәтижелері  1–10 қыркүйек аралығында жарияланады. Резиденцияға 20–25 адам қатысады, оларға өз идеяларын әлеуметтік жобаларға айналдырып, эксперттердің қолдауына ие болу мүмкіндігі беріледі. Қатысушылар жобаларды іске қосу, оның ауқымын кеңейту, бизнес-модельді жетілдіру жағынан дәріс өтіп, жеке кеңес алып, нетуоркинг құра алады. Акселерацияның осы кезеңдерінің бәрі тегін ұсынылмақ.

Резиденттер 5–10 млн теңге көлемінде грант ала алады. Гранттар жобаны Эксперттер кеңесінің алдында қорғау нәтижесіне қарай беріледі.

Tamyr Platform 2025 Алматыда 1–7 қазанда офлайн өтеді. EA Charity Fund қоры резиденттердің жол жүру және Алматыда тұру шығынын өз мойнына алады.