Tamyr Platform жеңімпазы SignBridge сенсор технология көмегімен 3D-сурдоаударманы дамытып келеді

18 ақпан, 2026 ~ 2 мин. оқылады
Девушка в костюме
Дереккөз: Tamyr Platform

Tamyr Platform 2025 акселераторының жеңімпазы атанған SignBridge жобасы цифрлық сурдоаударманы дамыту жолында маңызды қадам басты. Команда қимыл-қозғалысты танитын кәсіби сенсор жабдық сатып алып, пайдалануға енгізді. Ол жабдық қазақша ым-ишара тіліне 3D-аударма жасау сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Грант қаражатының есебінен арнайы Rokoko костюмі, сондай-ақ сенсор қолғап пен басқа тағылатын камера сатып алынып, бапталды. Бұл жабдық дене қимылын, қол мен бас ишарасын дәл тіркеп, цифрлық ортаға жеткізеді де, онда 3D-аватарды жаттықтыруға қолданады. Соның нәтижесінде ым-ишара едәуір табиғи, біркелкі және шынайы ым-ишара тіліне жақынырақ болады.

Жабдық қазір құрастырылып, калибрі реттеліп, бағдарламалық жасақтамасы бапталып, жұмыста толық қолданылып келеді.

Қарашада команда жобаның технологиялық негізін жасауға кіріскен. Қысқа мерзімде жүйенің негізгі компоненттері іске асырылды: адамның қимыл-қозғалысын 3D-аватарға нақпа-нақ көшіру механизмі әзірленіп, анимация жасау процесі автоматтандырылды, соның арқасында қолдан құрастырудан бас тартуға мүмкіндік туып, қимыл-қозғалысты жазып алған деректерден автомат түрде дайын 3D-сурдоаударма видеосы жасалатын онлайн-паплан реттелді. Іс жүзінде жобаның «шикі» қимыл-қозғалысты дайын видеоконтентке айналдыруға мүмкіндік беретін орнықты технологиялық каркасы жасалды.

Желтоқсанда SignBridge өнімнің ең кіші өміршең нұсқасына өтті. 3D-аватары бар видеоматериалдарды офлайн-генерациялайтын автоматтандырылған жүйе жасалды, сондай-ақ орыс тілін қолдану мүмкіндігі қосылып, жобаның ықтимал аудиториясын кеңейтуге сеп болмақ. Ары қарай команда архитектурасын 3D-аватар шынайы уақыт режимінде веб-интерфейс арқылы жұмыс істейтін форматқа жеткізуді жоспарлап отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @tamyrplatform

Tamyr Platform қолдауының арқасында SignBridge қысқа мерзімде технологияны жетілдіріп, MVP іске қосып, ым-ишараны ауқымды жазып алуға дайындық басталды. Жобаның жұмысы жалғаса бермек — алда ым-ишара базасын жасау, сервер бөлігін іске қосу және API интеграция шаруасы тұр.

Бұған дейін Tamyr Platform Нұрзада Амангелді SignBridge — құлағында мүкісі бар адамдардың тіл кедергісін жоюды көздейтін Al-платформасы үшін  «Инновация» аталымында Tatler Impact Awards жеңімпазы болғанын айтқан.