«Трансформа» театры Tamyr Platfom-мен бірлесіп, театр мамандықтарын үйрететін онлайн-платформаны іске қосты

31 наурыз, 2026 ~ 1 мин. оқылады
Мужчина в красной шапке
Дереккөз: Tamyr Platform

«Трансформа» продюсерлік орталығы әрі тәуелсіз театры Tamyr Platform қолдауымен режиссура негіздерін үйрететін курсқа оқушы жинай бастады. Үйрету жобасы Transforma Online Lab тәуелсіз театры аясындағы білім беру онлайн-платформасының бір бөлігіне айналмақ.

Режиссура негіздерін үйрететін курс — театрда жұмыс істеп жүрген, кәсіби ойлау машығын бір жүйеге түсірсем дейтіндерге арналған интенсив. Ол режиссерлерге, актерлерге, продюсерлерге, арт-менеджерлерге, шығармашылық бағытта оқып жатқан студенттерге және өнерден өз орнын іздеп жүргендерге жарайды.

20 сәуірден 10 маусымға дейін өтетін курстың кураторы «Трансформа» режиссері Ярослав Максименко болмақ. 

Өз басым осы курс басталғанына қатты қуанып, толқып жүрмін.
Білсем, үйренсем дегендерге білетінімді айтып, тәжірибемді ортаға салғанды жақсы көремін. Өзім де режиссерлік жолымды жаңа бастаған кезім есімде. Шабыт келер деп күтіп, байқастай, тартыншақтай бастағанмын. Бұл мамандықтың құрылымы, эмоцияға емес, қисын мен талдауға сүйенетін механикасы барын түсінетінмін, тек  неден бастау керегін білмейтінмін. Материалды қалай игеру керек? Командаға не деу керек? Премьераға барар жолда туындының ойын жоғалтып алмаймын ба? Осы жолды көріп, механизмдерін білгненнен кейін, оларды қалай қолдануға болатынын түсінгеннен кейін жаңа нәрсеге кіріскен оңайырақ бола түсті. Енді курсқа келетіндерге дұрыс ой айтып, дұрыс нәрселерді көрсеткім келеді, — дейді Ярослав.

Екі ай бойы Transforma Online Lab резиденттері мамандықтың іргелі механизмдерін меңгеріп, материалды талдап, идеяны ретті құрылымға айналдыру жолдарын үйренеді. Аптасына бір видеодәріс өтіп, практикалық тапсырма орындап, куратормен онлайн кездесіп, практика жасайды. Курсты аяқтағаннан кейін бес түлекке Алматыға барып, «Трансформа» театрының спектаклін жасауға қатысуға мүмкіндік беріледі.

«Трансформа» театры EA Charity fund корпоративтік қоры ұйымдастырған Tamyr Platform 2025 акселераторының онфиналистінің бірі болған.