«Трансформа» театрында Tamyr Platform акселераторының достары бас қосты

25 қыркүйек, 2025 ~ 1 мин. оқылады
Сурет: Tamyr Platform
Сурет: Tamyr Platform

7 тамызда «Трансформа» театрында өткен жабық кездесуде Tamyr Platform акселераторы мен EA Charity Fund қорының достары бас қосты. Қатысушылар емен-жарқын әңгіме айтып, мастер-класс өткізіп, әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығын дамыту туралы пікір алмасты.

Кештің бірінші бөлімінде Tamyr Platform үйлестірушілері акселератор туралы презентация көрсетіп, қатысушыларды іріктеу принциптерімен таныстырды және Tamyr Platform мен EA Charity Fund айналасында әлеуметтік кәсіпкерлер желісі қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Қонақтар өтінім беру тәртібі мен бағдарлама кезеңдері туралы ақпаратқа ерекше қызығушылық танытты.

Кездесудің екінші бөлімі шығармашылық форматта өтті: «Мама-про» жобасының тәлімгері Анна Чумак ара балауызынан майшам жасаудан мастер-класс өткізді. Ал сыйлық қораптарын «Мама-про» оқушылары әзірлегені — әлеуметтік кәсіпкерлердің іс-шараға жан-жақты қатыса алатынын көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @tamyrplatform

Tamyr Platform акселераторы мен EA Charity Fund қоры Қазақстан мен Орталық Азияда әлеуметтік жобаларды қолдап, тәжірибе алмасуға жағдай жасайтын орта қалыптастырып отыр. Қоғамдастықпен әр кездесу барысында қатысушылар практикалық білім бөлісіп, серіктес тауып, бір-бірінен шабыт алады.