Резиденция күндері 1 – 7 қазан
Tamyr Platform Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған резиденцияға өтінім қабылдауды жапты. Акселерация офлайн форматта Алматы қаласында EA Charity Fund қорының топ-менеджерлері мен шақырылған сарапшылардың жетекшілігімен өтеді.
Tamyr Platform резиденттері қаржы,құқық, маркетиң, digital саласындағы білімі мен машығын арттырып, стартаптарын іске қосатын идеялар қалыптастырады.
Кәсіби мамандар қатысушыларға идеясын нақты бизнес жоспарына айналдыруға, мұратын айқындап, бюджетін есептеуге көмектеседі, сондай-ақ digital-экспертиза үстеп, жобаны медиа тұрғысынан қолдайды.
Tamyr Platform қатысушылары таныстары қатарын кеңейтіп, клиент, инвестор тауып, төңірегінде жаңа қауым құра алады.
Акселерациядан сәтті өткен командаларға жобасын іске асыруға стипендия мен грант беріледі.
Tamyr Platform менторлары қатысушыларға жобасын Эксперттер кеңесінде қорғағанға дейін жетекші болады.
Өтінім беру үшін Tamyr Platform сайтындағы үлгіні толтыру керек. Одан бұрын нұсқаулықпен танысып алыңыз – оны барынша қарапайым да түсінікті етіп құруға тырыстық.
Дүниені жақсарта түссем деген ниет, команданың абыройы мен жобаның әлеуеті – қатысушылар осы сипаттарына қарай іріктеледі. Түпкі шешім үміткермен әңгімелескеннен кейін қабылданады.
Оқыту-үйрету Орталық Азия елдерінің бірінде, екі апта бойы жүреді. Резиденттер заң жағынан қолдаудан бастап фандрайзиңге дейін түрлі тақырыптар бойынша воркшоптар мен дәрістерге қатысып, маркетиң стратегиясы және қаржы моделін құру жөнінде кеңес алады.
Tamyr Platform акселерацияны сәтті аяқтаған қатысушыларға грант береді.
Әр команда тәлімгерлермен бірге жұмыс істеп, гранттармен жұмыс істеу және әлеуметтік әсерді талдау жағынан жеке кеңес алып отырады.
Акселерация қорытындысына EA Group Holding топ-менеджерлері мен Tamyr Platform кураторларынан құралған Сарапшылар кеңесінде баға беріледі.
Әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлер жұмысының табысына пайдаға ғана емес, қоғамға тигізген әлеуметтік әсеріне қарай баға береді. Өзгелерге көмектескенді маңызды деп білсеңіз, өтініміңізді күтеміз.
Біз позитив идеялар шығарып, өмірді жақсартпақ ниетті әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдаймыз. Тағы бір шарт – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан не Түркіменстан азаматы болу.
Tamyr Accelerator бағдарламасы жобасының ауқымын кеңейтемін, ықпалын күшейтіп, грант қолдауын аламын деген әлеуметтік кәсіпкерлерге ашық. Біз айқын әлеуметтік миссиясы және орнықты даму әлеуеті бар бастамаларды іздейміз.
Өтінім беремін десеңіз, жобаңыз мына сипаттарға сай болуға тиіс:
Қатысу географиясы
Мына елдердің азаматтары ғана қатыса алады:
Әлеуметтік миссиясы
Жоба нақты әлеуметтік мәселені шешетін, қоғамға орнықты, ұзақмерзімді әсер етуді көздейтін болуға тиіс.
Қатысудағы мақсат
Қатысушылар акселерация кезеңіне нақты әрі өлшеуге келетін мақсат қалыптастырып келуге тиіс. Мақсаттар мынадай болуы мүмкін:
Даму жағынан сұраныс
Өтінімде жобаға қай жағынан қолдау керек екені нақты көрсетілуге тиіс. Мысалы:
Қордың миссиясына сай болуға тиіс
Жоба EA Charity Fund қорының Орталық Азиядағы адамдар мен қауымдардың өмірінде мәні бар оң өзгерістер тудыратын бастамаларды күшейту миссиясына үндес болуы керек.
Заңды тұлға болуы керек
Акселератор аясында грант тек заңды тұлғаларға беріледі деп көзделген. Сондықтан қатысушылардың заңды тұлғасы болғаны не грант алғаннан кейін тез арада тіркеле алғаны маңызды.
Резидент грант алғаннан кейін жобасын көрсетілген мерзімде іске асырып, есеп беруге тиіс.
Tamyr Platform акселерациясына қатысу үшін сайттағы өтінім үлгісін толтырыңыз.
Бізге ұнаған жобаларға акселерациядан тыс, EA Charity Fund қорынан қаржы беруіміз мүмкін. Біз төңірегімізде әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлердің басын қоспақ ниеттіміз, бізден хабар алып тұрыңыз.