
«Антибуллинг қауымдастығы» Tamyr Platform акселераторы мен EA Charity fund қорының гранттық қолдауымен мектептердегі буллиңмен күресу жөнінде әдістемелік құрал жасап шығарды. Нұсқаулық команданың төрт жылғы практикалық тәжірибесіне сүйеніп әзірленген және оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдерге пайдалы болмақ.
«Буллиңге кәсіби әрекет ету: кейстерді талдау» деген әдістемелік құралға мектеп өмірінен алынған шынайы оқиғалар енгізілген. Олардың қатарында көзге көп түсе бермейтін буллиң жағдайлары, баланың тұйықталып қалуына себеп болып, ақыр аяғында күш көрсетуге ұласатын оқиғалар мен жағдайлар бар. Әр әңгімеде жағдай қалай өрбитінін айқындайтын шешуші сәттер кездеседі.
Онлайн-нұсқаулықты әзірлеуге Қазақстандағы практикасы бар мамандар атсалысты. Нұсқаулықта буллиң мен қарапайым жанжалды қалай ажыратып тануға болатыны, баламен қалай әңгімелесу керегі, сондай-ақ отбасы мен мектепке арналған іс-қимыл алгоритмдері берілген.
Tamyr Platform акселераторы мен EA Charity fund қорының қолдауы арқасында Қазақстандағы буллиң жағдайлары бойынша төрт жыл бойы жинақтаған кеңес беру тәжірибемізді жүйелей алдық. Құралда іс жүзінде тиімділігін көрсеткен нақты тәсілдер мен өзекті тәжірибе қамтылған, — дейді жоба негізін қалаушы Светлана Богатырёва.
Әдістемелік құрал қазақ және орыс тілдерінде шықты.
2026 жылы EA Charity fund қоры Қазақстандағы білім беру және мәдениет салаларын қолдауға ерекше көңіл бөлді. Қор жұмысының қорытындылары және Tamyr Platform 2025 бағдарламасының тағы бір жеңімпазы — қазақ ым-ишара тілін дамытуға арналған SignBridge жобасы туралы басқа материалдан оқуға болады.